Unit Vector;
interface
type
vect = record
x, y, z : real;
end;
Procedure SumV(a,b: vect; var c: vect);
Procedure SubV(a,b: vect; var c: vect);
implementation
Procedure SumV(a,b: vect; var c: vect);
begin
c.x:=a.x+b.x;
c.y:=a.y+b.y;
c.z:=a.z+b.z;
end;
……………….
end.
Инициализацияланатын және аяқталатын бөлігі.
Дайындау (инициализация) бөлімі initialization қызметші сөзімен ашылады. Оған негізгі программаның жұмысына дайындық үшін қажет және басқару негізгі программаға берілгенге дейін орындалатын операторлар енгізіледі. Мысалы, дайындау бөлімінде стандарт модульдерді пайдалану үшін ашу, айнымалылырды анықтау, қажет файлдарды ашу және т.с.с. жұмыстары атқарылуы мүмкін.
Аяқтау (деинициализация) бөлімі finalization қызметші сөзімен басталады. Оған негізгі программаны толық аяқтауға қажет және аяқтап болғаннан кейін орындалатын операторлар енгізіледі. Мысалы, программаға бөлінген ресурстарды (жадын) босату, файлдарды жабу және т.с.с. қызметтер атқарылуы тиіс. Қажет болмаса, дайындау және аяқтау бөлімдерін пайдаланбауға рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |