Түйсіктің түрлері.
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты: кӛру түйсігі, есту түйсігі, дәм түйсігі, иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестезиялық, статикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бӛлінеді. Ерте кезден бастап адамның сыртқы бес сезім мүшесіне орай кӛру, есту, сипап сезу, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер бірнеше негіз бойынша жіктеледі. Түйсік туғызатын тітіркендіргіш пен рецептордың тікелей жанасуының болатындығы немесе болмайтындығына қарай дистанттық және түйісу рецепторлары болып бӛлінеді. Түйсіктің бұл түрлері жақын ортада бағдар жасауды қамтамасыз етеді. Дәм сезу, ауырсыну, тактильдік түйсіктері түйісу рецепторларына жатады.
Рецепторлардың организмде орналасуына қарай түйсіктерді үлкен үш топқа бӛлуге болады: дененің беткі қабатында орналасуына қарай экстерорецептор (керу, есту, тактильдік т.б.) бұлшық ет, сіңірде орналасқан түйсіктер проприорецептор (кинестезиялық, статикалық, вибрациялық т.б.) және ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін яғни, аштықты, шӛлдегенді, ыссы- суықты түйсіну интерорецепторлар (органикалық түйсіктер) болып бӛлінеді.
Ағзаның сыртында орналасқан кӛз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері - экстерорецепторлар. Бұл рецепторлар арқылы адам ӛз денесінің сыртында тұрған заттар мен құбылыстардың сипаттарын бейнелейді. Бұлшық еттерде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп айтады. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау түйсіктері мен тепе-теңдік түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, ӛкпеде) орналасқан сезім мүшелерін интрорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ішкі мүшелерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай процес болып жатқаны жайында хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын осындай түсіктерді органикалық түйсіктер деп атайды.
Кӛру түйсіктері. Кӛру мүшесі болып табылатын кӛз - анатомиялық құрылысы күрделі сезім мүшесі. Оның негізгі бӛлімі - кӛз алмасы. Кӛз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.
Екі бүйірінен қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді кӛз алмасын қоршап тұрған үш қабығы болады. Сыртқы қабықты ақ қабық деп атайды. Ақ қабықтың алдыңғы жағы дӛңестеніп қалың қабыққа айналады. Кӛздің торлы қабығына жарық сәулесі осы қасаң қабық арқылы ӛтіп отырады. Сыртқы ақ қабықтың астыңғы екінші қабығы - тамырлы қабық. Тамырлы қабықтың алдыңғы бӛлігі - нұрлы қабық деп аталады. Кӛздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан.
Кӛз дистанттық рецепторға жатады, ӛйткені ол сезім мүшелерінен біршама қашықтықта жатқан заттар мен сыртқы дүниеде болып жатқан кұбылыстар жӛнінде білім береді.
Кӛру түйсіктері біздің кӛзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде кӛзімізге ұзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бӛлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі ұзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана кӛз заттардың түсін (бояуын) ажыратады. Мәселен, қызыл түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай ұзындықтағы электромагнит толқындарының әсер етуінен пайда болады. Спектрге (спектрум – латын сӛзі, қазақша кӛріну деген мағынаны білдіреді) қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі түсті және олардың сансыз реңдерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180-дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.
Заттар мен құбылыстардың түстері хроматикалық (қызыл, қызғылт, сары, жасыл, кӛгілдір, кӛк, күлгін) ахроматикалық яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сұр түстер) болып екіге бӛлінеді. Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек ашық болуымен ғана ажыратылады.
Заттардың түстерін кӛру «үш түсті кӛру» теориясымен түсіндіріледі. Осы теорияны алғаш ұсынған ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов болса, кейіннен оның кӛзқарасын неміс ғалымы Г. Гельмгольц зерттеп жалғастырған. Осы аталған ғалымдар кӛздің тор қабығында үш түрлі жұмыр клеткалар бар, олардың бір-бірінен айырмашылығы жарық сәулелерінің әсерін түрліше сезетіндігінде деп жорамал жасады. Егер кӛзге ұзын толқынды сәуле әсер етсе, онда бірінші жұмыр жасушалар қозу күйінде келеді де, осының нәтижесінде адам қызыл түсті түйсінеді, екінші жұмыр жасушалар қозса - онда жасыл түсті түйсіну пайда болады да, үшінші жұмыр жасушалардың қозуы - күлгін түсті түйсінуге мүмкіндік береді. Осы үш жұмыр жасуша қатар қозатын болса - адам ақ түсті түйсінеді, ал бұлардың қозу күші түрліше болса - аралық түстерді түйсінеді
Заттың түстерін дұрыс айыра алмау кӛздің тор қабығындағы осы аталған үш түрлі жұмыр клеткаларының жұмысына зақым келуден болады. Кейбір адамдардың кӛзінің түстерді айыра алмайтын кемістігі болады. Айналадағы заттардың бәрі ол адамға қоңыр болып кӛрінеді. Кӛздің осындай кемістігін - дальтонизм дейді. Ондай адам, әсіресе, қызыл және жасыл түсті айыра алмайды. Ер адамдардың 4-5 пайызы дальтондық болса, әйелдер 0,5 пайызы
ғана. Сонымен кӛру түйсінуі дүниені тану процесінде ӛте маңызды орын алады.Мұндай адамдарды кейбір мамандықтар бойынша жұмысқа қабылдамайды. Мәселен, паровоз машинистері, жүргізушілер мен трамвай жүргізушілер түстерді жақсы ажырата білуі қажет. Ӛйткені светофорда тек қызыл және жасыл түс қана болады. Осы түстерді ажырата алмай қалушылық, транспорттың апатқа ұшырауына себеп болады. Сондықтан осындай жұмыстарға адам алғанда олардың түсті айыра білу қабілеттерін дәрігерлік комиссия арқылы анықтап отырады..
Достарыңызбен бөлісу: |