Түйсіктің заңдылықтары.
Түйсіктің негізгі заңдылықтарына: сезгіштік табалдырықтары, адаптация, ӛзара әсер(сенсибилизация), қарама-қарсылық (контраст) және синестезия, бір ізді бейнелер.
Сезгіштік және түйсік табалдырықтары. Тітіркендіргіштің барлығы бірдей түйсік туғызуға қабілетті бола бермейді. Мамықтың денеге сәл тигені сезілмейді. Ӛте күшті тітіркендіргіш әсер еткенде түйсіктің тууы тоқтап калатын сәт те болады. Жиілігі 20 мың герцтен жоғары дыбысты біз ести алмаймыз. Тым күшті тітіркендіргіш түйсік орнына ауру шақырады. Демек, түйсіктер белгілі бір қарқынды тітіркендіргіштер әсер еткенде пайда болады екен. Түйсік қарқыны мен тітіркендіргіштер күші арасындағы психологиялық тәуелділік сипаты түйсік табалдырығы немесе сезгіштік табалдырығы деген ұғым білдіреді. Түйсіктердің күші немесе сапасында сол ғана айырмашылық туғызатын әсер етуші тітіркендіргіш күшіне қосылған аз ғана қосымша - айыру сезгіштігінің табалдырығы деп аталады.
Психофизиологияда абсолюттік сезгіштік табалдырығы және айыру сезгіштігінің табалдырығы деп табалдырықтың екі түрін бӛліп кӛрсетеді. Айыру табалдырығы, бұл - түйсіктердің болар-болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің минималдық айырмасы. Айыру сезгіштігі деп рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындағы азғантай ғана болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы, жанып тұрған 100 люкстік шамға бір люкс қоссақ, жарықтың күшейгені байқалады. Демек, бір люкс адамның кӛз рецепторы үшін айыру табалдырығы болып табылады. Дыбысты айыратын табалдырықтың күші орта есеппен 1/10-ге тең. Мәселен, 100 кісі қатынасқан хорға 10 адам қосылса хор аздап артады. Алғашқы рет сәл білінерлік түйсік туғызатын тітіркендіргіштің ең аз күшін сезгіштіктің тӛменгі абсолюттік табалдырығы деп атайды. Тітіркендіргіштің осы түрдегі түйсігін тағы да туғызатын ең жоғарғы күйін сезгіштіктің жоғарғы абсолюттік табалдырығы дейді.
Егер тітіркендіргіштер әлсіз болып, түйсіктің тӛменгі табалдырығына жетпесе, онда әсер еткен тітіркендіргішті адам түйсіне алмайды. Абсолюттік табалдырықтың күші адамның абсолюттік сезгіштігін сипаттайды: абсолюттік табалдырық күші неғұрлым аз болса, абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары, ӛткір болады.
Тітіркендіргіштердің күші мен адамның түйсінуінің арасында логарифмді тәуелділік бар екені анықталды. Мұны – психофизикалық заңдылық деп атайды. Бұл заңдылықты тұңғыш рет ашқан неміс физиологі Эрнест Вебер (1795-1878ж.) және неміс физигі Густав Фехнер (1801-1887ж.) Сондықтан бұл заңдылықты Вебер-Фехнер заңы деп атайды. Осы заң бойынша тітіркендіргіштің күші геометриялық прогрессия жолымен күшейсе, сол тітіркендіргішті тудыратын түйсінудің күші арифметикалық прогрессия жолымен ӛседі.
Адаптация.Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуін адаптация (бейімделу) деп атайды. Сезім мүшелерінің бейімделінуі түйсіктің кез келген түрінде кездеседі. Ӛмірде адаптация кұбылысы әр адамға жақсы таныс. Мысалы, адам суға түскен алғашқы
минуттарда оған су суық болып кӛрінеді. Суықты түйсінуден арылған соң, су жылынғандай болып, судың бірқалыпты салқындығына дене аз уақыт ішінде тез тӛселіп, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.
Сол сияқты кӛру талдағышы қараңғылыққа және жарыққа адаптациялануды ажыратады. Жарық жерден қараңғы үйге кіргенде кӛз қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан ӛтетін жарық мӛлшері де 17 есе кӛбейеді деген сӛз. Қараңғыда кӛздің кӛргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалар күшті әсер етеді.
Адаптация иіс түйсіктерінде түрлі деңгейде кӛрінеді. Мәселен, камфараның исі 1-2 минуттан кейін сезілмейтін болса, ал қыша мен нашатр спиртінің иісіне бейімделу тезірек болады. Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация ӛте әлсіз, ауырсыну ағзаның қалыпты жұмысының ауытқуын, оның биологиялық рӛлін кӛрсетеді. Адаптация - үнемі ӛзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне талдағыштардың қалай да бейімделе алатындығын байқатады.
Достарыңызбен бөлісу: |