1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Эмоциямен сезімдер мәселесіне теориялық тұрғыдан шолу



бет67/85
Дата27.09.2023
өлшемі0,82 Mb.
#182664
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Эмоциямен сезімдер мәселесіне теориялық тұрғыдан шолу.

Адам ӛмірінде эмоциялар мен сезімдердің орны аса маңызды.Психологияда эмоцияларды ӛзгертуге, отбасында, ӛнерде, педагогтарда, клиника, шығармашылықта яғни, адамдардың барлық іс- әрекетіне қатысады деп есептейді.


Эмоцияның зерттелу тарихы У.Джемстің 1884 жылы жарияланған
«Эмоция деген не?» атты мақаласынан басталды.В.К.Вильнюс эмоцияларды жеке процестер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің кӛрінуі ретінде қарастырады. Эмоциялардың теориялық мәселеріне Л.С. Выготский кӛп кӛңіл бӛлген. Ол эмоциялармен субъектінің сезімдік заттың іс-әрекетімен байланысының ішкі психологиялық механизмі ретінде қарастырады. Олар организмді белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен ӛзара қатынасын оятады және реттейді деді.
А.Н.Леонтьев, Б.И.Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық мотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылық- тарының пайда болуымен тығыз байланысты екенін кӛрсетеді.
Я.Рейковский эмоциялар адамның әрекетін реттейді деп есептейді. Яғни эмоционалды процестердің дұрыс жүрмеуі психиканың ауытқуларының бастамасы болып табылады.
О.К.Тихомирова ойлау іс-әрекетін дәл эмоциялар реттейді деп есептеген. Ол лабораториялық үлгілерде ойлау тапсырмаларын шешу барысында пайда болатын эмоциялардың пайда болу жағдайы және қызметерін шешуді
ұсынған.Сонғы жылдардың эмоцияны әлеуметтік психологияның ӛкілдері эмоцияларды вербалды емес қарым-қатынас рӛлінде зерттеді.
Тұлға психологиясы эмоциялармен сезімдерді басқа мотивациялы құрылымдарын байланысына алатын жолдарын кӛрсетіп, аффектімен күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы білімдерімізді толықтыра түседі. Сонымен бұл мәселе психологияда кеңінен жан-жақты қаралып жатыр деуге болады. Бірақ қазіргі кезде біздің қоғамызда әлеуметтік, саяси және экономикалық, нарықтық жағдайларға байланысты эмоция мен сезімдер мәселесін кең тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде
  1. Сезімнің түрлері.

Сезімдер: адамгершілік (моральдық), эстетикалық, интеллектуалдық (танымдық) болып бӛлінеді.



Адамгершілік сезімдерге: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершлік, ұят т.б. жатады. Ар намысты қорғау адамға аса жарасымды сипатталады. Сезімнің осы түрі кӛбінесе қайсар, ӛжет, табанды әрі кӛздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдар байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет. Мұның әр адам психологиясына әсер етіп, терең із қалдыратыны сонша кісі кейде кірерге жер таппай, кісі бетін қарай алмай, ұйқыдан, тамақтан қалатын болады. Абай ұяттың 2 түрі бар деді. 1) надандықтан туатын, ұғымына ұялмас нәрседен ұялу. Бұл надандық, ынжықтық,қайрат жігердің осалдығы, білім мен тәжірибесінің саяздығы. 2) дұрыс емес қылықтан ұялу.

Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну. Бұл сұлу сымбатты, ӛмірге үйренуі, әдемі кӛріністерді тамашалау, табиғаттағы, кӛркемӛнердегі шынайы әсем нәрселерден ләззат алу. Эстетикалық сезім дене сұлулығын қабылдауда ғана тумайды. Моральдық сұлулықта та эстетикалық сезім тудырады. Ӛзінің мүддесін қоғам игілігі үшін тежеп ұстайтын жоғары моральды адамдарды кӛріп куә боламыз. Мұндай адамдар ӛзіне деген құрмет сезімін туғызады. Біз оларды «моральдық жағынан мұншама тамаша адам болады екен-ау» дейміз.
«Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу нәрсеге сүйініп керексіз нәрседен жеркенуге, жақсылыққа ұмытылып, жауыздықтан тиылуына кӛп кӛмек кӛрсетеді» деген болатын М. Жұмабаев.


Интеллектуалдық сезімдер адамның тану процесімен, адамдардың ақыл- ой әрекетімен тығыз байланысты. Оған әуестік, білуге құмарлық, іздемпаз танырқау, сенімдік, интуиция, ықтималдың жорамалдың, болжау т.б. сезімдері жатады.
Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарда, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады..


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет