1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Қабілеттің жеке адамның басқа қасиеттерімен өзара байланысы



бет84/85
Дата27.09.2023
өлшемі0,82 Mb.
#182664
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Қабілеттің жеке адамның басқа қасиеттерімен өзара байланысы.

Қабілет - жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттерімен табиғи бірлікте болады.



Қабілет және наным. Кӛптеген ғалымдар мен жазушылардың айтуынша, адамның іс-әрекетіне, әсіресе шығармасына оның нанымы із қалдырады. Маңызды әлеуметтік талпыныстар - адамның белсенділігін арттырады. Егер адам халқына қызмет етуді, адамзатты, тым болмаса ұжжымын материалдық немесе рухани жағынан байыта түсуді мақсат тұтса - онда осы мақсат алдағы міндетті орындауға кажетті қуат береді. Керісінше, идеялық талпынысы жоқ, күнделікті күйкі тіршілікпен немесе той-даңғазалықпен ӛмір сүретін адам қоғамдық іске күш жұмсағысы келмейді, қабілетті дамытуға қажетті қуат пен белсенділік кӛрсете алмайды.

Сезім және қабілет. Іске деген сүйіспеншілдік, оған шын берілгендік - талант пен қабілеттің дамуы мен кӛрініс беруінің басты шарты. Іске беріле, құмарта қарау, әрекеттің әлеуметтік маңыздылығын, оның нәтижелерін, табиғат пен қоғамдық ӛмір құбылыстарының (адамның шығармашылық ісінің объектісі ретінде) жеке адамға қалайша әсер етуінің күш-қуатын түсіне білумен тығыз байланысып жатады. Эмоциялық әсерлену күші бір жағынан объектінің сипатымен, екінші жағынан адамның сезімталдығымен анықталады.

Ерік сапалары және қабілет.Шығармашылық істің қандайы болмасын адамның барлық күш-қуатын жұмсауды қажет етеді. Шабыттану мен кӛңіл тасудың уақытша жылт етуі үздіксіз қажырлы еңбек етуді қамтамасыз ете алмайды: бұл үшін жүйелі және белгілі тәсілмен еңбек етуге қол жеткізетін, кедергілерді жеңуге мүмкіндік беретін жігер қажет. Мақсаттан қайтпау, батылдық, ерлік және ӛзін-ӛзі ұстай білу, табандылық және дербестілік - бұлар аса дарынды, кӛрнекті қайраткерлер де бӛлек емес болатын ерік сапалары.

Еңбек сүйгіштік және қабілет. Жеке адмның еңбек сүйгіштігі мен жұмысқа аса қабілетті болуы оның іске берілгендігі мен жігеріне байланысты. Іске берілген адамның барлық уақыты мен күш-жігерін ӛзінің сүйікті ісіне арнайтыны - табиғи нәрсе. Сондықтан кӛптеген дарынды адамдардың ӛз жетістіктеріне баға бергенде еңбекқорлық пен жұмысқа қабілеттілікті бірінші орынға қоятыны тегін емес. Эдисон ӛз жетістігіндегі еңбек пен дарын ролін бағалай келіп, мұнда тек бір пайыз қана даналық, ал оның есесіне 99 пайыз маңдай тері бар деген.
Жұмысқа деген зор қабілеттілік еңбек үрдісінің және мұрат тұтқан нәтижесінің салдары ретінде туады, сондай-ақ ол тұрақты еңбек әдетінің нәтижесі. Жұмысқа қабілеттілікте, әрине, табиғи ерекшеліктің де, мәселен, типологиялық қасиеттердің де (тӛзімділік) үлесі бар. Ӛнімділік - жұмысты тиімді ұйымдастыруға, демек, жеке адамның жинақылығына тәуелді. Еңбек сүйгіштік - қабілеттің дамуына, тәжірибенің молаюына, білімнің, іскерлік пен дағдының қалыптасуына тәуелді.
Оқушыларды бақылай отырып, мұғалім біреулерін - қабілеті жақсы, екінші біреулерін - қабілеті шамалы деп негізсіз айта салмайды. Былай да болып шығады: оқушы математикаға қабілетті, бірақ ӛз ойын ауызша не жазбаша білдіруге нашар немесе тіл, әдебиет, жалпы гуманитарлық ғылымдарға деген қабілетін кӛрсете алады, бірақ оған математика, физика, техниканы үйрену қиынға түседі.
Қабілеттілік деп - адамның білімді, ептілікті, дағдыны біршама жеңіл меңгеруіне және қандай да бір іс-әрекетпен ойдағыдай айналысуына кӛмектесетін психикалық қасиеттерді айтамыз. Қабілеттілік тек іс-әрекетте ғана кӛрінеді. Қабылдауда, мысалы, бояу түстерінің болмашы айырмашылығын байқау, заттарды бірден "кӛре білу", пропорционалды катынастарды түсіну (суретші жұмысында), абсолюттік есіту (музыкамен айналысқанда), байқағыштық (іс-әрекеттің ӛте кӛптеген түрлерінде) т. б. кӛрінеді. Кейбір қабілеттіліктер жадында жақсы қалдырумен байланысты (мысалы, оқу материалын тез де берік игеруге қабілеттілік, оны жеңіл және дәл қайта айтып беру). Адамның ойлау қызметінде (материалды түсінуі, қиын есептерді шығару, ойының тереңдігі, сыншылдығы, тапқырлығы) қабілеттілік айқын кӛрінеді. Қабілеттілік үшін, әсіресе жазушы, ӛнер тапқыш еңбегінде қажетті, шығармашылық қиялдың үлкен маңызы бар.

Қабілеттілік білім, ептілік, дағды негізінде кӛрініп, дамығанмен олармен ғана шектеліп қоймайды. Сондықтан баланың білімінің шамалылығын, оның қабілетінің жоқтығынан деп қалмас үшін оқушылардың қабілеттілігін анықтауда ӛте сақ және ұқыпты болу керек. Қандай да бір себептерден мектепте нашар оқыған, болашақта ірі ғалым болып шыққандар жӛнінде кейде осындай қателіктер жіберілген. Осы себептен де қабілеттілік туралы қабілетінң нашарлығы емес, білімінің аздығын кӛрсететін кейбір қасиеттері негізінде ғана қорытынды шығару дұрыс болмас еді.




    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет