1 дәріс. Психологияның қазіргі жүйелері


Сана мен іс-әрекеттің біртұтастық қағидасы



бет13/16
Дата07.02.2022
өлшемі185 Kb.
#96293
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәрістер-қаз пс мект-1

Сана мен іс-әрекеттің біртұтастық қағидасы. Даму психологиясының аса маңызды қағидасы- сана мен іс-әрекеттің біртұтастылығы. Бұл қағидаға сүйене отырып, білімигеруді белгілі бір әрекеттерді орындау және игеру нәтижесінде болатын процесс ретінде қарастырады. Осы көзұарас тұрғысынан алғанда психикалық іс-әрекеттің бастапқы формасы- қоршаған дүниенің объектілері, өзгеретін, материалдық,сыртқы, нақты іс-әрекеті. Ішкі психикалық, ойлай іс-әрекетінің игерілуі сыртқы, материалдық кезеңін немесе материалданған іс-әрекеттер кезеңі арқылы өтпейінше еш мүмкінемес. Іс-әрекеттің материалдық формасының мысалы болып табылатын таяқшамен есептеу табылады. Іс-әрекеттің нақты заттармен немесе схемалармен жүргізілуі оқушыларға іс-әрекет құрамына кіретін әрбәр операцияны айқын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

12 дәріс. Отандық психология мектептерінің негізгі бағыттары.
Қазақ ағартушыларының психологиялық көзқарасын қазақ психологтарының ішінен бірінші болып зерделеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, психолог-ғалым, академик Төлеген Тәжібаевболды. Ол Қазақстанда психология ғылымы саласында тұңғыш рет 1939 жылы Ленинград қаласында «К.Д.Ушинский – Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Төлеген Тәжібаев көп жылдар қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің психологиялық және педагогикалық көзқарастарын зерттеуге арналған бірнеше монографиялық еңбектер жазды. Ол 1962 жылы тұңғыш рет Қазақстанда педагогика тарихынан докторлық диссертация қорғады.
Академик Т.Тәжібаевтан кейін бұл бағытта ғылыми-зерттеу жұмысын ілгері дамытқан, Қазақстанда психологиялық және педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихын зерделеген, «Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы және дамуы», «Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы» және т.б. бірнеше монографиялық еңбектердің авторы, көрнекті психолог-ғалым, педагогика және психология, ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б. Жарық-баевтыңалатын орны ерекше.
Ол қазақ психологиясының тарихын зерделеуде сонау орта ғасырлық ғұлама ойшылдар – Махмұд Қашқари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Яссауи, Мұхаммет Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири еңбектерінен бастау алады.
Қ.Б. Жарықбаев ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ағартушылары Шоқанның, Абайдың, Ыбырайдың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Ғұмар Қараштың, Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамедовтың, Міржақып Дулатовтың, Нәзипа Құлжанованың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастарына жан-жақты талдау жасады.
Кеңестік дәуірде республикада психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуын архив құжаттарына сүйене отырып зерттеді. Профессор Қ.Б.Жарықбаевтың қазақ психологиялық терминологиясының мәселелері туралы тұжырымдары және зерттеу еңбектері өз алдына бір төбе.
Қазақстанда психология ғылымының дамуы басқа қоғамдық ғылымдар сияқты кеңестік дәуірде жан-жақты дами бастады. Оның кең құлаш жайып дамуына белгілі алғышарттар жасалынды. Атап айтқанда, сонау орта ғасырдан бастау алатын, қазақ топырағында дүниеге келген ғұлама-ойшылдар Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұнның және т.б. психологиялық мұраларында, төңкеріске дейінгі кезеңдегі қазақ ағартушылары Абай, Шоқан, Ыбырай, Шәкәрімнің психологиялық ілімдерінде, 20-ғасырдың бас кезіндегі Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов еңбектерінде негізі қаланды. Сонымен, кеңестік дәуірде қазақ психология ғылымы бос орынға келген жоқ, оған дейін Республикада кеңестік психологияның дамуына белгілі алғышарттар жасалып, ғылыми негіз қаланған болатын.
Қазақ топырағында алғаш рет 1922 жылы «Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) Мағжан Жұмабаевтың(1993-1938) оқулығының жарық көруі өмірде өте сирек кездесетін құбылыс ретінде бағалауға болады. Бірақ оқулықтың аты «Педагогика» деп аталғанмен, оның бүкіл мазмұны психология ғылымының мәселелеріне арналған. 15 тарау 106 беттен тұратын «Педагогика» оқулығының төрт-ақ тарауы, педагогика мәселелеріне арналғанда, 11 тарауы түгелге дерлік психологиялық құбылыстарға, оның ішінде таным үрдістеріне, оны жіктеу, ақыл көріністері, ес, зейін, қиял, тіл мен сөйлеу, сезім, көңіл-күй, ерік-жігер сияқты психологиялық үрдістерге арналады. Бұл еңбекте қазақ терминологиясының мәселелері де назардан тыс қалмаған. Оқулықта Мағжан Жұмабаев алғаш рет психологиялық терминдердің қазақша баламаларын жасауға талпынған, мәселен, түйсінуді - әсерлену, зейінді – абай, есті – зейін, пікірді – хұкім және т.б. қазақша баламаларды қолданады. Дейтұрғанмен, бұл баламалар қазіргі психологияда қолданылып жүрген ұғымдарға сәйкес келмейді.
Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған, жеке адамға табынудың, заңсыздықтың құрбаны болған, біртуар қазақ зиялыларының бірі – Жүсіпбек Аймауытов (1989-1931) қазақ топырағында тұңғыш рет «Психология» (Қызылорда – Ташкент) оқулығын 1926 жылы жазды. Оқулықтың кезінде жіберілген кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбек қазақ тілінде жазылған біршама уақыт өтсе де, өзінің құндылығын жоймаған тұңғыш оқулық екендігіне ешқандай күмән келтіруге болмайды. Бұл оқулық – мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған оқу құралы. Еңбекте Жүсіпбек Аймауытов қарапайым адамға жұмбақ сияқты көрінетін психикалық құбылыстардың себептерімен, сырларымен таныстыра отырып, соған қарапайым тілмен жауап беруге ұмтылады. Еңбекте психология ғылымы, оның тарихынан хабардар етеді.
Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» оқулығының екінші, үшінші тараулары жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын зерттеу әдістері туралы, жүйке жүйесінің құрылымы, оның заңдылықтарына сипаттама береді. Сол сияқты шартты рефлекстер, организмнің тітіркендіргіштік, сезгіштік қасиеттері туралы айтылады.
«Денедегі кейбір мүшелер, оның қызметтері» және «Эмоция және сезім» атты төртінші және бесінші тарауларында психикалық үрдістердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен эмоция, сезім, көңіл-күйге талдау жасалады. Сонымен қатар оқулықта таным үрдістеріне сипаттама беріледі, олардың заңдылықтары мен қасиеттеріне тоқталады.
Психология және педагогика ғылымдары саласында психолог және педагог ғалым ретінде Василий Яковлевич Струминскийдің (1880-1963) Республикада психология ғылымын дамытуда сіңірген еңбегі ерекше. Ол Орынбор практикалық институтында педагогика, жалпы және педагогикалық психология пәндерінен студенттерге дәріс берді.
1923 жылы В.Я.Струминскийдің Орынбор қаласында «Психология» оқулығы орыс тілінде жарық көрді. Еңбегінде диалектикалық материализм тұрғысынан ғылыми психологияның негізгі мәселелерін бір жүйелі баяндау тәжірибесіне тоқтады. Кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбектің мәні орасан зор болды.
1935 жылдан бастап, өмірінің соңғы кезіне дейін психология ғылымының көрнекті қайраткері, профессор Александр Петрович Нечаев(1870-1948) Семей қаласында тұрды. Психология ғылымы саласында 50 жылдан астам уақыт жемісті еңбек еткен, есімі әлемге белгілі психолог-ғалым. Ол психология ғылымының әртүрлі саласында, әсіресе, психологияның жас, педагогикалық, медициналық және т.б. салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірді. Өмірінің соңғы жылдары Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында студенттерге педагогикадан және психологиядан дәріс оқыды. А.П.Нечаев көп жылдар «Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» тақырыбында Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, жоғары аттестациялық комиссия 1944 жылы диссертация қорғамай-ақ, психология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет