ЭҚК бар тізбектің бөлігі және тұйық тізбек үшін Ом заңы
Жоғарыда қарастырған өрнегімен сипатталатын Ом заңы бір текті тізбектің бөлігі үшін яғни электр қозғаушы күші әсер етпейтін тізбек үшін орынды. Біртекті емес, яғни электр қозғаушы күштер әсер ететін кез-келген тізбектің бөлігіне арналған Ом заңын сипаттайтын өрнекті алу үшін энергияның сақталу заңына сүйенеміз. Мысалы, тізбектің бөлігінің ұштарындағы потенциалдар айырымы болсын дейік (9.3 – сурет). Осы бөліктегі әсер ететін ЭҚК деп белгілейік. Суретте көрсетілгендей, стрелкамен бағыттас токты оң деп, ал оған қарама – қарсы токты теріс деп есептейміз. Өткізгіш бойымен уақыт ішінде заряд өтеді.
9.3 – сурет
Осы зарядты тасымалдауға кеткен жұмыс мынаған тең болады:
(9.15)
Ал уақыт ішінде бөлініп шыққан жылу Джоуль – Ленц заңы бойынша:
(9.16)
өрнегімен сипатталады.
Енді жоғарыда айтқанымыздай, тең болғандықтан, (9.15) және (9.16) өрнектерінің оң жақтарын теңестіріп және - ді қысқартып мынаны аламыз:
(9.17)
Бұдан
(9.18)
Сонымен, (9.17) және (9.18) формулалары тізбектің біртекті емес бөлігіне арналған Ом заңын өрнектейді. (9.18) формуласы болғанда біртекті өріске арналған ( ) Ом заңын сипаттайтын өрнекке көшеді. (9.18) өрнегіндегі деп алып, тұйық тізбек үшін Ом заңын аламыз:
Мұндағы - тізбекке әсер ететін ЭҚК., - тізбектің барлық бөлігіндегі қосынды кедергісі.
Тұйық тізбек үшін Ом заңын жалпы түрде былай жазуға болады:
(9.19)
мұндағы - электр қозғаушы күш көздерінің, ал - ішкі кедергілерінің қосындысы.
Достарыңызбен бөлісу: |