цитоплазмадағы рибосомдардың 70%-і эндоплазмалық тормен байланыста болады.
Клеткада дифференциалдану процестері жүргенде және патологиялық жағдайда
эндоплазмалық тормен байланысқан рибосомдардың саны күрт азаяды. Өсіп келе жатқан
клеткада немесе клетканың бөлінер алдында ақуыз молекулалары күшті синтезделеді,
мұндай клеткаларды негіздік бояғыш заттармен бояғанда цитоплазма базофильді болады.
Бұл құбылыс клеткада РНҚ-молекуласының көптігін және ақуыз синтезіне қатынасатын
рибосомдардың молдығын көрсетеді. Сонымен рибосомдар ақуыз синтездеуде үлкен рөл
атқарады. Эндоплазмалық тордың мембранасында орналасқан рибосомдар (түйіршікті
эндоплазмалық тор) сыртқа (экспортка) шығатын ақуыздарды синтездеуде басты қызмет
атқарады. Мысалы, қарын асты безінің, ацинус бөлігінің клеткалары көп мөлшерде
ішектердегі астарды ыдырататын ақуыз-ферменттерді шығарады (протеиназа, липаза,
нуклеаза т. б.). Бауыр клеткалары — қанның альбуминін, плазмоциттер - глобулиндерді,
сүт бездері - казеинді, сілекей бездерін - ас қорыту ферменттерін - амилазаны және РНҚ-
азаны және т. б. бөледі. Былайша айтқанда, көп клеткалы организмдердің клеткалары
организмнің зат алмасу процесіне кажетті ақуыздарды синтездейді.
Достарыңызбен бөлісу: