1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері



бет34/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қиялды дамытудың аспектілері?
2. Артикуляциялық жаттығуларға арналған нұсқаулық?
Әдебиеттер:
1. «Играем по системе ТРИЗ» №5 1998 г.
2. «Рудько» кітабі (дыбыстар).
3. И.Н. Мурашковска, Н.П.Валюмс «Картинки без запинки» Санкт-Петербург 1995 г.
4. О.Ушакова «Развитие речи детей».
5. Эдварда де Боно.Технология «Шесть шляп мышления»
16-дәріс. Тақырыптың аталуы: Саусақтардың ұсақ бұлшықеттерін дамытуға арналған жаттығулар
Дәріс жоспар:
1. Саусақтардың ұсақ бұлшықеттерін дамытуға арналған жаттығулар
2. Ашық ойын
1. Саусақтардың ұсақ бұлшықеттерін дамытуға арналған жаттығулар.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.
Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.
Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.
Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.
«Салат» саусақ ойыны
Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)
Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).
Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).
«Кірпі» жаттығуы
Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)
Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
«Достық» жаттығуы
Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)
Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)
Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)
Қайтадан санауды бастаймыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес
Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).
Пассивті жаттығу- ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға жалғасады. Бұл жерде массажды әрекеттер баланың жеке бас диагнозына байланысты жүргізіледі. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасның даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады. Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтармен айтылады.
Саусақтарға арналған динамикалық жаттығулар;

  • қозғалыстың нақты координациясын дамытады;

  • қол саусақтарын бүгуге және жазуға үйретеді;

  • бас бармақты басқа саусақтарға қарама-қарсы қоюға үйретеді.

Әдебиеттер:
1. Қарапаев С. Музыка сабағын шығармашылық тапсырмалар арқылы оқытуда ойын элементтерін пайдалану //Бастауыш мектеп. - №1. - 2010 – (9бет)
2. Қордабаева А. Ойындардың тиімділігі // Ұлағат. - №7. – 2005ж –(3 бет)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет