Жобаларды басқарудың ақпараттық жүйесі – жобаларды басқару үдерісін қолдау және тиімділігін арттыру мақсатында әдістемелік, техникалық, бағдарламалық және ақпараттық құралдардың ұйымдастырушылық-технологиялық кешені.
Заңды-құқықтық тәуекелдер - мемлекеттегі, аймақтағы инвестициялық қызметтің заңдық-құқықтық құрамдасына әсер етумен байланысты тәуекелдер (заңнамаға өзгерістер енгізу; заңдық кепілдемелер, арбитраждық тәуелсіздіктің болмауы, салықтық жүйенің құзыретсіздігі).
Инвесторлар - меншікті, қарыз немесе тартылған құралдар түріндегі инвестицияларды салуды іске асыратын және олардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ететін инвестициялық қызметтің субъектілерін айтады.
Инвестициялау – бұл құрылатын өндірістің экономикалық жағдайының неғұрлым көп бөлігінің капитал-ресурс қорын құру немесе толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |