Саяси тәуекелдер – инвестициялық қызметтің саяси құрамына әсер етумен байланысты тәуекелдер (түрлі деңгейдегі сайлаулар, саяси жағдайдың өзгеруі, саяси қысым, инвестициялық қызметке әкімшілік шектеулер қою, мемлекетке сыртқы саяси қысым жасау, т.б.).
Табыстың тәуекелсіз мөлшері– капитал мен табысты жоғалтудың ең аз тәуекелін сипаттайтын инвестициялар бойынша табыстылықтың мөлшері.
Табыстылықтың ішкі мөлшері (пйданың) (Internal Rate of Return - IRR) – инвестициялық жобаның табыстылық деңгейін сипаттайтын инвестициялар тиімділігінің көрсеткіші.
Таза табыс(NV) - инвестициялық жобаны жүзеге асырудың барлық пайдалы мерзімінің экономикалық әсерін сипаттайтын негізгі көрсеткіш.
Тәуекел - жобаның барлық немесе жеке қатысушыларын жағымсыз нәтижелерге ұшырататын шарттардың пайда болу мүмкіндігін айтамыз.