1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Қазақстан территориясынан табылған «алтын киімді» адамдар



Pdf көрінісі
бет17/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
19. Қазақстан территориясынан табылған «алтын киімді» адамдар 
туралы археологиялық дерек мәліметтерін сипаттаңыз 
Қазақстанда төртінші "Алтын адам" табылды. Ол - Батыс Қазақстан 
облысында жерленген сармат дәуіріндегі көшбасшының сүйегі екені 
анықталды. Ал бұған дейін Қазақстан аумағынан үш "Алтын адам" 
табылды.
Ең бірінші табылған "Алтын адам"
1969-1970 жылдары Алматы облысы маңынан табылған "Алтын адам" 
алыс-жақын елдерді елең еткізгені анық. Археолог Кемел Ақышев Алматы 
облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ 
жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын 
киімді сақ жауынгерінің мүрдесін тапты. Тарихи жәдігердің киімі 4 мыңға 
жуық алтын әшекеймен безендірілген.
Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін 
"хайуанат нақышында" жасалған. Бассүйектің сол жағынан жақұт 
тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ 
киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр 
шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, 
көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі 
алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. 
Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл 


қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған 
қынға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын 
тоғалармен әшекейленген.
Сақтар тайпасының жас көсемінің зиратынан табылған бұл адамның біздің 
заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда өмір сүргені анықталған.
Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, "Алтын адамның" Жетісу жерін мекендеген 
сақтардың көрнекті ел басшысының ұлы немесе жас көсем, әскербасы 
екенін көрсеткен. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология 
тағы басқа салалардан мол дерек беретін "Алтын адам" сол кездегі 
сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдеген. 
"Алтын адам" Қазақстанның азаттық символына айналып, оның төбе 
бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енген.
Атыраудың "Алтын адамы"
1999 жылы Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық экспедициясы 
кезекті қазба жұмыстарын Аралтөбе қорғанына жасап, Атыраудың "Алтын 
адамы" атауын алған екінші ескерткішті тапқан. Зерттеу нәтижесінде бұл 
алтын киім киген сақ жауынгерінің қалдықтары екені анықталған. Тарихи 
олжаны археолог Зейнолла Самашев тапқан. Біздің заманымызға дейін III 
ғасырға жататын алтынмен көмкерілген жауынгерді оның болат семсеріне 
қарап ғалымдар сарматтардың көсемі деген қорытындыға келген екен.
1999 жылы Аралтөбе қорғанынан негізінен үш зират қазылып, оның 
алғашқысынан адамдардың қаңқалары мен олар қолданған шыны 
моншақтар, жебе ұштарының сынықтары табылған.
Екіншісінен басы оңтүстікке қаратылып жерленген мүрде жанынан 
жүзден аса жебесі бар қорамсақ, бүйірлі үлкен қыш құмыра, темір қылыш 
кездескен. Қазылған үшінші зираттан алтын киімді адам табылған.
Шілікті "Алтын адамы"
Шіліктіден "Алтын адам" 2003 жылы табылған. Оның жерлеу мерзімі 
біздің заманымызға дейінгі VIIІ ғасырға жатады, демек ол Есіктегі "Алтын 
адамнан" 400 жылға үлкен. Тарихшы Әбдеш Төлеубаевтың сөзінше, көне 
қорым топырақ жастанған тас қорғанда сақталған. Құрылыс формасы 
қиық пирамида іспетті келеді. Қорымның ішінен 4303 алтын бұйым 
табылған.
Шіліктідегі "Алтын адам" найзасының көшірмесін жасауға 17 миллион 
теңге жұмсалған


Оның арасында сирек кездесетін алтын қаптырмалар да бар. Бір түйме-
қаптырмада алтын арқар суреттелген, сондай-ақ бүркіт, аю және барыс 
бейнеленгендері де бар. Сондай-ақ археологтар көк таспен әшекейленген 
бесжұлдыз қаптырманы да тауып алған. Бұл бағалы бұйымдардың басты 
артықшылығы - балқыту тәсілімен жасалынуында. Ал Есіктегі "Алтын 
адам" әшекейлері жұқа алтын қаңылтырдан қалыпталып, нақыштап кесіліп 
қондырылған.
Еске салайық, 26 қазанда Ақтөбеден 300 шақырым жерден сармат 
дәуіріндегі көшбасшының сүйегі табылған. Әлкей Марғұлан атындағы 
археология институтының қызметкерлері Ақтөбе облысы, Темір ауданы 
Тасқопа ауылында қазба жұмыстарын жүргізген. Тамыздың басынан 
ғалымдар төрт жерлеу орнын зерттеген. Археологтар солардың бірінен 6 
метр тереңдікте орналасқан жерден біздің заманымызға дейін V ғасырда 
өмір сүрген адамның сүйегін тапқан.
Зерттеушілердің сөзінше, жерленген адамның қоғамдағы беделі жоғары 
болған.
Сондай-ақ қабірден қымбат металмен көмкерілген ат және тарту 
элементтері табылған.
Экспедиция басшысы Арман Бисембаевтың сөзінше, ескерткіш Есік 
қорғанынан табылған "Алтын адам" дәуірімен бір уақытта өмір сүрген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет