«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» кмм-нің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары


Мұғалімнің біліктілік деңгейін арттыру



бет10/96
Дата07.02.2022
өлшемі396,28 Kb.
#93633
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96
Байланысты:
годовой план 2019-2020

Мұғалімнің біліктілік деңгейін арттыру.
Мақсаты: педагогикалық шеберлікті арттыру динамикасын анықтау.

  1. Түрлі деңгейдегі әдістемелік іс – шараларға қатысу, біліктілікті арттырудың курстық жүйесі.

Мектептің әдістемелік қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін үнемі жаңашаландыру болып табылады. Өз білімін жетілдіру арқылы да, қайта даярлау жүйесі арқылы да жүзеге асады. Мектепте педагогтердің біліктілігін арттыру курстық дайындықтан өту арқылы жүзеге асу жұмысы жолға қойылған. Мұғалімдердің курстық дайындықтан өтуінің жағымды динамикасы қалыптасты, жаңартылған білім мазмұны курстарынан барлық пәндер бойынша педагогикалық ұжымның 92 пайызы өтіп, білімін жетілдірді. Ағымдағы жылы педагогтер педагогикалық шеберлік жарыстарына қатысады. Әдістемелік іс – шараларға педагогтердің қатысу белсенділігін арттыру қажет.

  1. Педагог кадрларды және оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілігін аттестаттау.

2019-2020 оқу жылында мектептің педагогикалық қызметкерлерін аттестаттау берілген өтініштер негізінде жаңа форматта жүргізілді. Аттестаттау педагогтің қызметін бағалаудың бір ғана элементі ретінде емес, сондай –ақ, еңбекті ынталандырушы және мотивациялау элементі ретінде жүргізілді. Ағымдағы жылдың статистикалық анализ қорытындысы бойынша педагогтер мен оларға теңестірілген тұлғалардың жалпы саны – 166 десек, біліктілік санаттары бойынша төмендегіше жіктеледі:
- жоғары біліктілік санатқа аттестатталғандардың саны- 72, оның ішінде: шебер-педагог -4, педагог-зерттеуші-20;
- бірінші біліктілік санатқа аттестатталғандардың саны –45, оның ішінде: педагог-сарапшы - 11;
- екінші біліктілік санатқа аттестатталғандардың саны – 22, оның ішінде: педагог-модератор – 9;
- санаты жоқ мұғалімдер саны – 27.
Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттырып, әріптестермен әдіс алмасу арқылы озат іс-тәжірбиелерін насихаттау мақсатында 2019-2020 оқу жылының 8-ақпан күні «Оқытудың белсенді стратегияларын және критериалды бағалау тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқу-танымдық үдерістің табыстылығына қол жеткізу» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар болып өтті.
Білім алушылардың таным көкжиегін кеңейту, жаңа білімді өздігінен игеруге бағыттау, табыс критерийлеріне қол жеткізу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру іс-тәжірибесімен алмасуды мақсат еткен семинарға қала мектептерінің мұғалімдері, директорлары мен директор орынбасарлары, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы қатысты.
Семинар бағдарламасына енген ашық сабақтарда, сыныптан тыс іс-шараларда жаңа технология мен озық тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтармен, «Рухани жанғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» қағидаларымен сабақтастыру көзделді.
Әлемдік білімге қолжетімділікті арттыратын CLIL әдісі арқылы өткен биология және химия пәндері, математика және ағылшын тілі, бастауыш сыныптардағы сабақтар үлгілі ұйымдасатырылып, сабақ соңында семинарға қатысушылар білім алушылармен үш тілде пікір алмасты, мұғалімдердің еңбектеріне кері байланыс берді.
Жылдам дамып бара жатқан өзгермелі өмір сұранысына сай білімді өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаға бағытталған нәтижелі сапалы білім беру- бүгінгі таңда педагогтар алдында тұрған негізгі міндеттер. Білім алушылардың ғылым негіздеріне қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру үшін қолданылатын интерактивті әдістер мен оқушы қызметін тұлғалық қасиетіне қарай критериалды бағалаудың әдіс-тәсілдері сабақтарда, сыныптан тыс іс-шараларда көрініс тапты. Оқытудың бессенді стратегиялары, оқыта үйрету ойындары кеңінен қолданылды. Оқушылардың оқуда мақсатқа жету үдерісін қадағалап отыруына мүмкіндік беретін қалыптастырушы бағалау түрлері арқылы олардың өзін бақылауына, әрекет тәсілдерін талдауына және нәтижелерін өздері бағалауына құзіреттілігі қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет