«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» кмм-нің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары



бет30/96
Дата07.02.2022
өлшемі396,28 Kb.
#93633
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   96
Байланысты:
годовой план 2019-2020

Мектеппен жұмыс: барлық атқарылып жатқан әлеуметтік көмектер мектеп әкімшілігінің көмегімен және демеушілермен жан-жақты тығыз қарым-қатнаста жүргізіліп отырды. Ай сайынғы кеңестер мен қамқорлық кеңесінің отырысында тұрмыс жағдайы төмен, жетім және жартылай жетім оқушылардың мәселелері талқыланып отырды.
Мектепте 2019– 2020 оқу жылында барлығы 1038 бар. Оның ішінде жетім -13; жартылай жетім – 40, аз қамтамасыз етілген отбасында тәрбиеленіп отырған оқушылар саны – 31, мүгедек ( үйде оқытылатын оқушылар – 4, көпбалалы отбасында тәрбиеленіп отырған оқушылар саны – 89, мектепішілік есепте тұрған тәртіп бұзушы қиын балалар оқу жылының басында 0- оқушы мектепішілік есепте тұрмайды , Оқу-тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік-психологиялық қызметтің 2019 – 2020 оқу жылындағы атқарылатын мақсат міндеттері мен жылдық жұмыс жоспары жасалынып, іс-шаралар, айлық жоспар бойынша жүргізілді.
Мектепте 2019 жылдың қыркүйек айында мектеп оқушыларын диагностикалық зерттеу арқылы мектептің сынып паспорты жасалды. Тұрмысы нашар, жартылай жетім оқушылар, көп балалы оқушылар, мүгедек, оралман, қиын балалардың тұрмыс жағдайы зерттеліп, тұл жетім оқушылардың тұрмыс жағдайлары жылына екі рет тексеріліп акт жасалды. Сонымен қатар денсаулықтары жылына екі рет дәрігерлік тексеруден өткізіліп, анықтамалары алынды, қамқоршылар есебі алынды.
Мектебімізде 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №1 мектепте «Аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылар мен әлеуметтік қорғансыз қалған оқушыларға бөлінген қаржы шығысынан қаржылай және материалдық көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында «Мектепке жол» атты акция өткізілді. 73 оқушы материалдық көмек алды. «Жалпыға міндетті білім қорынан» мектептің 43 оқушыға (тұл жетім, жартылай жетім, аса мұқтаж отбасы, мүгедек, көп балалы оқушылар) 10.000 теңгеден қаржылай көмек, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының аясында мектеп ата-аналарынан құралған «ТІРЕК-МЕКТЕП» қоғамдық қорынан 30 оқушыға (әлеуметтік тұрмысы нашар, аса мұқтаж және көп балалы отбасы оқушылары ) 5000 -10000 теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.
Жалпы білім қорынан қарастырылған тегін ыстық тамақ 2019 жылдың 5 қыркүйектен 29 желтоқсанға дейін 100 тұрмысы нашар оқушылар, құны 218 теңгелік тегін ыстық тамақты ішті. Қажетті құжаттар жинақталды . Мүгедек оқушылардың және ыстық тамақ ішкен оқушылардың, мектепішілік есепте тұрған ерке мінезді қиын оқушылардың құжаттары жиналып, тұрмыс жағдайлары анықталып, жеке анкеталық сауалнамалар жүргізілді. Мектепте тәртіп бұзушы, ерке мінезді мектепішілік есепте тұрған 4 оқушының тұрмыс жағдайлары тексеріліп, бақылау картасы қорғаншы күніне орай 38 мектептің 5 жетім қыздарына демеуші тарапынан қыстық киімдер сыйлыққа берілді және мектептің қамқоршы ата-анасы Алибекова Фариданы қалалық білім бөлімінің басшысы мақтау қағазымен марапаттады. Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында оқушыларға темекіге қарсы, нашақорлыққа қарсы, СПИД – ке қарсы іс – шаралар өткізілді. жасалып, оқушыларға жеке анкеталық сұрақтар жүргізілді. 10. 11-20.11 2019 жылы «Бала құқығы-адам құқығы» атты онкүндік өткізілді . 2019 жылғы 29 қазан күні қамқоршы Дөңгелек үстел, баяндамалар оқылды. Анкеталық сұрақтарға жауап алынды. 20-26 қараша аралығында « Ризашылық » атты қайрымдылық мерекесін өткіздім. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өлкетану мұражайына және балалар кітапханасына саяхатқа апардық .
10.12 – 20.12.19 жыл аралығында «Мейрімділік» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында 40 оқушыға бюджет есебінен көмек берілді. Еңбекші аудандық әкімшілігі 23 .12 19 жылы ұйымдастырған Жаңа жылдық шырша тойына 8 оқушы қатысты. 24.12.19 жылы Президент шыршасына 2 оқушы қатысты . 25.12.2019 ж қала әкімінің шыршасына 3 оқушы қатысты. Барлығы 13 оқушы қатысты.
Жазғы сауықтыру лагерлеріне барлығы 32 жолдама берілді. 7 тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жолдама берілді. Ал жартылай жетім отбасыларынан шыққан балаларға 7 жолдама бөлінді. Әлеуметтік көмекке аса мұқтаж отбасы балаларына 10 жолдама бөлінді. Көп балалы отбасыларынан шыққан оқушыларға 8 жолдама бөлінді. Барлық оқушылардың тізімі ҚББ-не тапсырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет