2.2 Әдістемелік жұмыс бойынша директордың орынбасары: - Озық тәжірибені зерттеу, жүйелеу және оқу барысына ендіру бойынша жұмысты басқарады;
- Қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманы жасауды үйлестіреді;
- Инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеру және жетілдіруге педагогикалық қызметкерлерге көмек көрсетеді;
- педагогтер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін жоғарылатуды ұйымдастыруды, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын басқарады;
- мектептегі тәжірибелік, әдістемелік және инновациялық жұмысты басқарады.