38. Бақылаудың функциялары мен әдістеріне мысал келтіріңіз
Бақылаудың функциялары:
-тәрбиелік;
-дамытушылық;
-білім берушілік;
-тексерушілік.
Бақылау әдістері:
1) Ауызша бақылау - әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру, оқу. Ауызша бақылау негізін оқушылардың монологты жауабы мен сұрақ-жауап түрдегі әңгімелесу құрайды. Әр сабақ сайын фронтальды немесе комбинирленген жекеше түрде жүріледі. Емтихан – тексерудің айтарлықтай толығырақ түрі болып табылады.
2) Жазбаша бақылау - бақылау жұмысы, реферат, өздік жұмыс. Бақылаудың бұл түріоқушылардың терең және жан-жакты білімдерін тексеруін қамтамасыз етеді, себебі мұнда оқушыға теориялық білімі мен оны практикада қолдана алатындығын көрсетуі қажет.
3) Практикалық жұмыстар - тәжірибелік жұмыс теориялық мәліметтерді зерттеу базасындағы әдіс-тәсілдерін, білімін құрастырып жинақтау үшін қажет.