1. Жеке тұлғаға жүйелі білім беру туралы Л. С. Выготский және А. Н. Леонтьевтің көзқарасын тұжырымдаңыз


Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың мәні мен рөлін бағалаңыз



бет55/76
Дата13.01.2022
өлшемі164,77 Kb.
#111548
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
Байланысты:
1-60 БӨТ
сөж, сөж, сөж, сөж
48. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың мәні мен рөлін бағалаңыз

Критериалды бағалау жүйесі бағалау рәсімдерінің сапалылығына, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігіне және әр оқушының оқудағы қажеттілігіне бағытталған. Бағалау ұғымы латын тілінде «assessio» деген сөзбен беріледі. Оның мағынасы «бірге отыру» дегенді білдіреді. Бағалау кезінде мұғалім оқушымен «отырады», оқушының рәсімді қолдануы үшін ғана емес, рәсімді онымен бірге және ол үшін өткізеді. Сондықтан, критериалды бағалау жүйесінің негізгі басымдықтары оқушыларды дамыту, олардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, бағаға қатысты қобалжуын, қорқынышын бағалау рәсімдеріне қатыстыру және түсіндіру арқылы азайту болып табылады. Егер анық және өлшенетін бағалау критерийлері болса, әр оқушыға және оның ата-анасына түсінікті болса бұған жетуге болады. Нақты жасалған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, оқушы да мыналарды түсінетін болады:

Оқушы оқудың қай сатысында?

Ол өзі оқуда неге талпынады?

Оның оқуда күтілетін нәтижелерге жетуіне көмектесу үшін не істеу қажет?



«Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру»(2014) ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру,маңыздылығын, сапасын жетілдіруге бағытталған шаралар ретіұсынылған. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу,жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерінанықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттықстандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімдіжүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімдіқолдану қажеттілігі ескертіледі.

Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады. Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру;

2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;

3. Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;

4. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;

5. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру;

6. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру;

7. Объективті, үздіксіз және нақты:

- білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы;

- мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;

- ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы;

- басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпаратты беру;

8. Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану;

9. Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану;

10. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау.

Критериалды бағалаудың қағидаттары

Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді:

Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.

Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар. Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет