M 1=М 2 болғанда құралдардың стрелкасы шкаланың қайсыбір бөлігінде тоқтайды. Сонда k 1 I1 = k2 , демек, яғни рамканың бұрылу бұрышы болады. Мұндай құралдың шкалалары бірқалыпты бөлінеді. Магнитоэлектрлік құралдар тек тұрақты токтың шамасын өлшеуге ғана жарамды. Мұндай құралды қосқанда құралдың «+» таңбалы клеммасына тұрақты ток көзінің оң полюсінен келген өткізгіш жалғанады.
2 Электромагниттік система
Электромагниттік құралдардың жұмыс принципі токтың магнит өрісі әсерінен магниттелетін темір өзекше немесе пластинканың ток өтіп тұрған катушкаға тартылуына негізделген. Мұндай құралдың құрылысы 4-суретте көрсетілген . (1) катушкадан өтетін токтың магнит өрісі (3) оське орнатылған (2) темір пластинканы тартады. Оське құралдың стрелкасы кигізілген және пружинаның бір ұшы дәнекерленген. Пластинка катушканың ішіне тартылғанда ось бұрылады да, пружина ширатылып осьтің бұрылуына қарсы әсер етеді. Стрелка магниттік күштің айналдырушы моменті пружинаның серпімділік күшінің айналдырушы моментіне теңгерілгенше ауытқиды. Стрелканың тербілісі ауа тежегіші арқылы өшіріледі. (5) пластинка иілген, тұйық (6) цилиндрдің ішіндегі ауаны сығады. Осылайша құралдың стрелкасы (4) шкала бойымен ауытқып барып тоқтайды. Токтың бағыты өзгергенде пластинка қайта магниттеліп үлгереді де, тағы да катушкаға тартылады. Сондықтан электромагниттік құралдар тұрақты тоқты да, айнымалы токты да, өлшеуге жарамды.
Магниттік айналдырушы момент: M1=klI², ал серпімділік күштердің моменті 2=k2. M1=M2 болғанда, k1I²=k2 болады, демек =kI².
Мұндай құралдардың шкаласы тең бөлінбейді.
3. Электрдинамикалық система.
Электродинамикалық құралдар тогы бар өткізгіштердің өзара әсерлесіне негізднлген. Мұндай құралдар (6- сурет) (1) қозғалмайтын үлкен және оның ішінде айнала алатын (2) кішкене екі катушкадан тұрады. Катушкалардан ток өткенде айналдырушы момент пайда болады. Майн ~І1І2 cos , мұндағы І1- 1-ші катушкадағы ток күші, І2- 2-ші катушкадағы ток күші, - катушкаға түсірлген нормальдардың арасындағы бұрыш. Майн ~І1І2, ал серпінділік күштердің моменті М2~. М1=М2 болғанда ~І1І2 болады. Құралдың шкала бөліктері тең бөлінбейді. Катушкалардағы ток бағыты бірмезгілде өзгергенде айналдырушы момент өзгеріссіз қалады, сондықтан мұндай құралдар тұрақты токты да, айнымалы токты да өлшей алады. Электродинамикалық құралдың белгісі мынадай: М
Достарыңызбен бөлісу: |