1. Мен практикамның алғашқы күнінде облыстық эндокринологиялық диспансердің ревмотология бөлімшесінде болдым. Ол жақта Н. есімді науқасқа курация жүргізіп, анамнез жинадым



Дата22.06.2022
өлшемі34,34 Kb.
#146957
Байланысты:
АЯ дневник
Биология. 9- сынып. Бақылау тест, Nowadays, нұсқа-талдау3, қазақстанның экономикалық географиясы

1. Мен практикамның алғашқы күнінде облыстық эндокринологиялық диспансердің ревмотология бөлімшесінде болдым. Ол жақта Н. есімді науқасқа курация жүргізіп, анамнез жинадым. Науқас ауруханаға білезік,шынтақ,иық буындарында симметриялы ауырсынуына, тізе буынында ауырсынуға, қимылдың оларда шектелгеніне, күні бойы құрысуға шағымданып келген. Буындағы ауырсынулар алғаш 2000 жылдан білек және тізе буындарында пайда болған. Науқастың сөзіне қарағанда ол амбулаторлы генерализацияланған остеоартроз диагнозымен ем алған. Патологиялық үрдіске білезік буындары астасқан. Білезік,тізе буындарының қозғалысы шектелген, күні бойы қимылсыз. Науқастың айтуынша 2015 жылы ақпан айында Астана қаласында ревматоидты артрит диагнозында ем қабылдаған. Аптасына 10 мг метотрексат қабылдауға кеңес берілген. Дәріні 1 ай шамасында қабылдаған. Әрі қарай өзі белгілеп отырған. Өмір анамнезінен: Боткин ауруымен, туберкулезбен, тері ауруларымен ауырмаған. Аппендэктомия. ЖИА ауырады 2008ж. Артериялды гипертензия. 3 деңгей, зиянды әдеттері жоқ, аллергиялық анамнезі теріс, менстуралды цикл 14 жастан, жүктілік саны 3. Босану қалыпты, патологиясыз, Түсік жоқ, мед.аборт жасамаған. Жалпы жағдайы орташа деңгейде. Дене температурасы 36,8C. дене бітімі гиперстеникалық, тері жабындысы өзгеріссіз, түсі қалыпты, кейіннен лимфа түйіндерін пальпацияладым, ол үшін алдымен науқастың келісімін алып, қолды жуып, науқастың тік отыруын сұрадым және оған қолайлы жағдай жасадым. Науқастан кеуде қуысын киімнен босатуын сұрадым. Лимфа түйіндерін екі жақтан бір мезгілде екінші – бесінші саусақтардың төсеніштерімен орналасқан жерлерінде жеңіл айналмалы қозғалыстармен пальпацияладым. Олардың мөлшері кішкентай, консистенциясы жұмсақ, ауырсынуы жоқ, жылжымалы. Бас және мойын бұлшықеттерінің желке сүйегіне бекіну аймағында орналасқан желке лимфа түйіндері пальпациясын жүргіздім, Самай сүйегінің мастоидты өсіндісінде жүрекшенің артында орналасқан құлақ лимфа түйіндерінің артында пальпацияланадым, құлақ сілекей безі аймағында орналасқан самай лимфа түйіндерін пальпацияладым. Қолдың саусақтарын төменгі жақ шетіне медиальді екі жағынан жатқызып, жақ асты лимфа түйіндерін пальпацияладым, науқастың басын сәл еңкейтуін сұрап және саусақтарын жақ бұрышына сыртқа қарай ақырын тарттым, қолтық асты лимфа түйіндерін пальпациялап, қолын аздап екі жаққа жылжытуды сұрап, саусақтарын қолтық асты шұңқырына терең қойып, сол аймақтан түйіндерді анықтадым. Пальпацияланған аймақтардағы лимфа түйіндерінің мөлшері кішкентай, жұмсақ консистенциялы, жылжымалы, айқын өзгерісі жоқ. Лимфа түйіндерін пальпациялап болған соң қалқанша безін пальпацияладым. Пациентті ыңғайландырып отырғызып науқастың алдында тұрып, екі қолымның бүгілген II— V саусақтарын артқы кеуде-бұғаналық-емізікшебұлшық еттеріне, ал бас бармақтарымды қалқанша сіңірге көрсетілген сіңірлердің алдыңғы жағының ішіне қарай қойдым. Пальпация жасау барысында науқастың жұтынуын өтініңіз, сол сәтте қалқанша без жұтқыншақпен бірге орнынан жылжып, дәрігердің саусақтарының арасынан өтеді. Дәрігер науқастың оң жағында сәл алдында болуы тиіс. Мойын бұлшық еті бос болуы үшін науқастың басын алдына қарай сәл еңкейтуін өтіну қажет. Дәрігер сол қолының алақанымен науқастың мойнын артқы жағынан ұстап тұрады, ал оң қолының саусақтарымен қалқанша безге пальпация жасайдым. Науқастың артқы жағында тұрып Қолымның бас бармағын мойынның артқы жағына қойып, ал қалған саусақтарын қалқанша сіңірлеріне кеуде-бұғаналық-емізікшебұлшық етінің алдыңғы жағынақойып, пальпация жасадым. Науқастың қалқанша безі пальпацияланған жоқ, яғни айқын өзгерістері жоқ.

2. Бүгінгі тәжірибелік дағдының екінші күні зәр шығару катетерін орнатуды жүргіздік.Науқаспен сенімді


қарым-қатынас орнатты. Науқасқа ем-шараның жүргізу мақсатын және жолын
толығымен түсіндірдік.Науқасты тізе буынынан бүгіп,
аяқтарының арасын алшақ етіп кушеткаға жатқызды (алдын ала науқас жуынуы
қажет). Науқас жамбас астына кленка мен жаялық салдық. Аяқтарының арасына
лоток қойып, катетеризация жасауға қажетті
жабдықтар дайындадық, пинцетті оң қолға алжық. Науқастың оң жағынан тұрып, сол қолымен жыныс еріндерін
екі жаққа аштып, оң қолмен пинцет арқылы фурациллин ерітіндісіне батырылған
салфетканы алдық. Кіші үрпі аралығын, несеп шығар тесікті жоғарыдан төмен қарай
қозғалыспен өңдедік.
Дәкелі салфетканы ауыстырдым.
Несеп шығару каналының тесігіне залалсыздандыру мақсатында бір минут фурациллин
ерітіндісіне салынған дәке салфетканы бастық. Салфетканы дез.ерітіндісіне
тастады, қолғапты ауыстырдым.Орамадағы катетерді фильтр
жағынан ашып,жұмсақ катетерді ұшынан 4-6 см қашықтықта алып, қалам тәрізді
ұстап, қалған бөлігін 4-5 саусақ арасына кіргізіп ұстадым.Стерильді вазелин майын
катетердің енгізу ұшына жағып, сол қолымен жыныс еріндерін ашып, оң
қолымен катетерді 4-6 см-ге зәр пайда болғанша абайлап енгіздім. Катетердің бос қалған ұшын
несеп жинайтын ыдысқа түсірдік. Қажет жағдайда бактериологиялық зерттеуге
қажетті несепті жинадық. Несеп тамшылап шыға
бастағанда, сол қолымен ішті қуық үстінен басып катетерді абайлап шығара
отырып, несеп шығару каналын несептің қалдығымен жуып тастадық. Катетерді дезинфекциялайтын
ыдысқа тастадым. Қолғапты шешіп, дез.ерітіндісі бар ыдысқа салдым. Қолданылған
құралдарды қазіргі бұйрыққа сәйкес дезинфекция жасадым. Қолымызды жудық.
3. Қандағы қант деңгейін анықтау. Қажетті құралдарды дайындап аламыз, олар: глюкометр, тесетін скарификатор немесе шприц-ручка, стерильді тест - жолақшасы, 70% этил спирті, мақта тампоны, қолғап. Қолымызды жылы сумен ұқыптылықпен жуып, бір реттік латексті резеңкелі қолғабымызды киеміз. Тәртіпке сай құралды жұмысқа дайындаймыз: үстелге тесетін скарификатор немесе шприц- ручка, тест - жолақшасы, спирт, мақта тампонын қоямыз. Тесетін скарификатор немесе шприц-ручканы ашып дайындаймыз. Қанды екі қолдың үш саусағының ішкі жоғарғы бөлігінен аламыз (үлкен және сұқ саусаққа тиіспей). Қан алынатын орынды тесуден алдын спиртке малынған мақта тампонымен сүртіп, жақсы кебуін күтеміз. Саусақтың бүйірінен терең емес тесеміз. Бірінші қан тамшысын құрғақ мақтамен сүртеміз. 2-3 мм қан тамшысын алғаннан кейін (қан ақпауы тиіс, аққан жағдайда қайта тесу) тест – жолақшасының жұмыс аймағын қанға тигіземіз. Сектор қанмен толықтай толуын қадағалаймыз. Глюкометрге тест жолақшасын жалғаймыз. Бірер секундтан соң нәтижесін бағалаймыз. Спиртті мақта тампонымен тескен аймақты басамыз. Бірер секундтан соң нәтижесін анықтаймыз. Тест - жолақшасы глюкометрден шығарып, глюкометрді өшіреміз. Іс шараны анықтаймыз, нәтижеге сипаттама береміз.
4. Тері ішіне инъекция мақсаты, техникасы Тері ішілік инъекция Бұл ең «беткей» инъекция, ине аздаған тереңдікке кіргізіледі. Мысалы: Манту реакциясы, жергілікті ауырсыздандыру, аллергиялық сынақтар. Иненің ұзындығы 15 мм, кесілген жері - 0,4 мм. Инъекция жасайтын жер білектің алдыңғы жағы. 1) Инъекция жасайтын жерді спиртпен өндеңіз, бір- бағытта жағу керек; 2) Инъекция жасайтын жерді тартыңыз; 3) Тері кепкен кезде оған иненің кесілген жерін жоғары қаратып теріге параллельді дерлік ұстаған бетте ұшын 0,5 см тереңдікке кіргізіңіз; 4)Сол қолынызды поршеньге ауыстырып, поршеньге басыңқыраңыз да 1-2 тамшы енгзіңіз, сонда теріде лимон қабығы сияқты ақшыл дөңбешік пайда болады, біртіндеп инені жылжытып отырып, ерітіндіні бірнеше тамшыдан басып, тері астына барлық қажетті мөлшерді енгізеді; 5) Спиртке матырылған залалсызданған мақтамен инъекцияның орнын басып, инені шығарыңыз. Тері астылық инъекция Біраз тереңірек, оны 15 мм тереңдікке жасайды. Тері астылық инъекция жасағанда ірі тамырлар мен жүйке жолдары жақын жерлерге жоламау керек. Инъекция жасауға неғұрлым ыңғайлы жерлер: сан мен иықтың сыртқы жағы, жауырын асты аймағы, іштің алдыңғы қабырғасы. Иненің ұзындығы - 20 мм, кесілген жері - 0,4 мм
1) Инъекция жасайтын жердің терісін спиртке матырылған екі домалақ мақтамен екі рет өңдеңіз, алдымен үлкен аймақты, содан кейін инъекция жасайтын жерді; 2) Сол колмен теріні түбі төмен қараған үшбұрышты қыртысқа жинайды; 3) Оң қолдың екінші саусағымен инені, бесінші саусақпен -поршеньді, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды, 4) Инені тез жылдамдықпен сол қолдын 1 және 2 саусақтарының арасынан үшбұрыштың табанына 45° бұрышпен кесілген жерін жоғары қаратып 1-2 см терендікке (иненің ұзындығының 2/3) кіргізеді. Сүк саусақпен иненін канюлясын ұстап тұрады: 5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты ақырындап енгізіңіз. Шприцті бір қолдан бір қолға ауыстырмауға тырысыңыз: 6)Инені канюлясынан ұстап тұрып, шығарып алыңыз. Спиртке матырылған залалсызданған мақтамен инъекцияның орнын басыңыз; 7) Мақтаны теріден алмай инъекцияның орнын сәл уқалаңыз. Бұлшық еттік инъекциялар Бұлшық етке енгізілген дәрілік заттар тері астылық инъекцияларға қарағанда тезірек сіңіріледі. Бұлшық еттік инъекция жасау үшін көбінесе бұлшық ет қабаттары жақсы дамыған жерлерді таңдап алады: жамбастың жоғарғы сыртқы квадранты, жауырын асты аймағы. Бұлшық еттік инъекция кезінде дәрілік зат тері асты шел қабатына қарағанда тамырлардың көптігінен қанға тезірек түседі. Инъекция жасауға болатын жерді сүйекке бағдарлап анықтауға болады. Бұл үшін 5 бел омыртқаның қылқанды өсіндісінен сан сүйегінің үлкен істігіне дейін ойша сызық жүргізу керек. Құйымшак нерві осы сызықтан төмен орналасқан, және инъекцияны сызықтан жоғары, яғни жамбастың жоғарғы сыртқы квадрантына жасау керек. Инъекция жасағанда науқас бір қырына немесе ішіне жатады, тек түрегеп тұруға болмайды. 1) Спиртке матырылған мақтамен алдымен жоғарғы сыртқы квадранттың үлкен бөлігін, содан кейін инъекция жасайтын жерді өңдейді; 2) Шприцті былай ұстайды: оң қолдың екінші саусағымен поршеньді, бесінші саусағымен иненің канюлясын, ал қалғандарымен цилиндрді ұстайды, поршеннің сабы бос. Шприцті науқастың денесіне тік ұстайды;
3) Инъекция жасайтын жерді сол қолмен тартыңыз; 4) Шприцті теріге тік ұстаған бетте шешімді қимылмен инені канюляға таман Ісм қалтырып, 7-8 см тереңдікке кіргізеді; 5) Сол қолды поршеньге ауыстырыңыз да дәрілік затты енгізіңіз. Майлы ерітіндіні енгізер алдында поршеньді тартыңқырап, қан тамырына түспегеніңізге көз жеткізіңіз, тек содан кейін ғана ерітіндіні енгізіңіз; 6) Спиртке матырылған домалақ мактаны теріге басып, тез қимылмен инені шығарыңыз. Санның бүлшық етіне енгізгенде шприцті сүйек қабығын зақымдамас үшін, жазатын қауырсын сияқты бұрыштап ұстау қажет. Мақсаты: - Дәрілік заттарға жоғары сезімталдықты (аллергологиялық сынама) анықтау; - Ауруға қарсы иммунитеттің болуы немесе болмауын (профилактикалық егулер) анықтау; - Жергілікті жансыздандыру. Қарсы көрсетпелері: Ине егетін орындағы тері асты май клетчаткасының ісінуі, ине егетін орындағы тері аурулар.
5. «Қанның тобын анықтау» дағдысын жүргізуді үйрендік. Қажетті құралдар: екі серия қан сарысуының біртектес организм эритроциті, желімдеу сарысуы, 70% этил спирті, 0,9% физиологиялық ерітіндісі, әдейі арналған планшет немесе таза ақ тарелке, шыны таяқша, дәрі тамызғыш, саусақты тесетін арнайы ұштық (скарификатор), мақта, құм сағат. Нақты жүйелілікпен планшетке немесе тарелкеге тамызғыш арқылы сарысуды тамызыңыз: сол жаққа О тобы сарысуын; оң жаққа В тобы сарысуын; ортасына А тобы сарысуын. 1. Науқастың төртінші саусағын спиртке батырылған мақта тампонымен тазалап сүртіңіз. Әдейі арналған инемен (скарификатор) тесіп, қанның бірінші тамшысын залалсыздандырылған мақта тампонымен сүртіп алыңыз. 2. Қан тамшысын шыны таяқшамен алып, оны 1:10 қатынаста сарысуға араластырыңыз. 3. Шыны таяқшаны жуып кептіріңіз. 4. Қанның жаңа тамшысын алып, келесі сарысуға тамызыңыз. Жалған агглютинация болмас үшін 5 минуттан кейін бір-бір тамшы физиологиялық ерітінді қоса отырып араластырыңыз. 5. Реакцияның нәтижесін бағалаңыз: 6. а) сарысудың бір-бірімен агглютинациясы болмаса – қанның О (1) бірінші тобы,); б) агглютинация сарысудың О(I) бірінші және В(III) үшінші қан топтарында болса – қанның А (II) екінші тобы; в) агглютинация сарысудың О(I) бірінші және А(II) екінщі топтарында болса - қанның В(III) үшінші тобы. г) агглютинация үш сарысуда да болса – қанның АВ (IV) төртінші тобы. Резус факторды анықтау. Керекті заттар: универсалды антирезус реагент;пробирка;капилляр немесе Пастер пипеткасы; натрий хлоридінің 0,9% физиологиялық ерітіндісі; стерильді қолғап. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа іс-шара барысын және мақсатын түсіндіріңіз. Науқастың жалпы жағдайын бағалай алатындай қалып беріңіз. Қолдың гигиеналық деңгейде өңдеңіз. Пробирканың қабырғасына капиллярмен 1 тамшы тексерілетін қанды тамызамыз; Оның үстіне 2 үлкен тамшы универсалды антирезус реагент сарысуын тамызамыз, ара қатынас 1:4 болуы керек. Пробирканы жайлап горизонталды етіп қозғап, ішіндегі қоспаны 3 минут бойы араластырады, пробирканы сілкуге болмайды; Сонан соң пробирканың қабырғасына шприцпен 2-3 мл натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісін құямыз; Егер пробиркада агглютинация реакциясы байқалса, түбінде жапырақша немесе тәрізді тұңба пайда болады, ал бетіндегі сұйықтық мөлдір болып келеді, бұл қанның резус факторы оң болып саналады; Егер пробиркада агглютинация реакциясы жүрмесе, пробиркада тұнба бай- қалмайды, ал сұйықтықтың түсі сары-қызғыштау (тұман) болып келеді. Бұл қанның резус-факторы теріс мәнді болып саналады.
6. Практиканың алтыншы күні Пикфлоуметрия әдісін жүргізу және нәтижесін талдау дағдысын үйрендік. Ең алдымен баламен сенімді қарым-қатынас орнатып, және оған процедураның барысын түсіндіреміз. Қолғап киіп, пикфлоуметрге мундштукты қосып жалғаймыз. Стрелканың шкаланың нөл деген жерінде тұрғанына көз жеткіземіз. Науқасқа орнынан тұрып пикфлоуметрді горизонтальды ұстауын өтінеміз.Науқасқа терең тыныс алуын өтінеміз. Науқатың мунштукты еріндерімен қамтып алып, ауыз арқылы максимальды жылдам және қатты тыныс шығаруын бақылаймыз. Тыныс шығару шыңының жылдамдығын (ПСВ, PEF - л/мин) көрсететін стрелканың шкала бойымен қозғалуын анықтаймыз. Алынған нәтижені белгілейміз. Осы процедураны 3 рет қайталауын өтінеміз, әр қайталаған сайын стрелканы шкаланың нөл деген жеріне қайтарып отырамыз, алынған 3 нәтиженің ең үлкенін белгілеп және оны бақылау күнделігіне тіркейміз. Іс шараны аяқтаймыз. Сонымен қатар практиканың алтыншы күні Небулайзерлік терапия жүргізуді үйрендік. Процедураны бастамастан бұрын, науқасқа процедураны түсіндіреміз Қолдарымызды тазалап жуып, резеңкелі бір реттік латексті қолғапты киеміз, дәрілік препараттың қолдану мерзінін тексереміз. Стерильді шприцке дәрілік препаратты тартып алу Колбаны ашып, оған дәрілік препаратты құю. Стерильді шприцке 2-3 мл көлемінде стерильді физ. ерітіндіні тартып, колбадағы дәрілік препаратқа қосу. Колбаны жауып, масканы небулайзерге қосу. Науқастың бетіне масканы толық жабу. Компрессорды қосып, ингаляцияны 5-10 минут барысында ерітінді толық таусылғанша жүргізу. Ингаляция біткеннен кейін компрессорды өшіріп, небулайзерді генератордан айыру. Стероидтармен ингаляциядан кейін баланың аузын сумен шайып, бетін жуып, су ішкізу. Ингалятордың барлық бөліктерін жылы сумен немесе арнайы жуғыш заттармен жуу. 2 минут бойы қайнату іс шарасы орындалады.
7. Ең алдымен қажетті құралдарды дайындаймыз. Қажетті құралдар: залалсыздандырылған асқазан зонды, глицерин немесе вазелин, фонендоскоп, керекті көлемде су, қолқап, залалсыздандырылған бөтелке, шара, сулық, құйғы (воронка), шприц 20 граммдық, клеенкалы алжапқыш, маркер Қажетті құралдар: залалсыздандырылған асқазан зонды, глицерин немесе вазелин, фонендоскоп, керекті көлемде су, қолқап, залалсыздандырылған бөтелке, шара, сулық, құйғы (воронка), шприц 20 граммдық, клеенкалы алжапқыш, маркер Қолды ұқыптылықпен жуып, кептіріп қолғапты киіңіз. Зондтың ұшын баланың мұрын негізіне қойып, мұрнынан құлағына дейін, одан семсер тәрізді өсіндіге дейін өлшейміз. Маркермен зондқа белгі саламыз. Баланы отырғызып немесе бүйірімен жатқызамыз. Зондтың ұшын оң қолымен алып, оны глицеринге (вазелин) батырамыз. Зондты жайлап 15-17 см төменгі мұрын жолымен (немесе ауыз арқылы) мұрын жұтқыншақ жолына енгіземіз. Баланың басын алға қарай еңкейтіп, зондты жұтқыншақтың артқы қабырғасына қыса зондты белгіге дейін асқазанға енгіземіз. Құйғыны асқазанның тұсына дейін төмендетіп, оған су құйыңыз. Құйғыны жоғары көтеріп су асқазанға құйылғанша, яғни судың мөлшері воронканың жіңішке жеріне жеткенге дейін күтіңіз. Воронканы жайлап төмен түсіріп, асқазаннан суды кері қарай төгеміз. Жуылған су таза болғанға дейін бірнеше рет қайталаймыз. Асқазанды жууға арналған судың көлемі—4-5л. Зондты абайлап алып, ауыз айналасын сулықпен сүртеміз, іс-шараны аяқтаймыз.
8. Практикалық дағдының 8-ші күні біз дуоденальды зондылауды үйрендік. 1.Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа айтамыз. 2.Науқасқа емшара тәртібі туралы түсіндіріп, оның келісімін алдық. 3.Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ берілген. 4.Науқасқа ұйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойдық. 5.Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұрадық (егер де болса). 6.Науқасты орындыққа дұрыс және ынғайлы, яғни арқасы орындықтың арқасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғыздық. 7.Науқастың кеудесіне сүлгіні жабтық. 8.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты кидік. 9.Залалсыздандырылған ұлтабар зондын шамшуырмен (пинцетпен) алып, зонд оливасының канюлясына орнықтылау сапасын тексердік (тұрақты). 10.Науқас жұтатын зондтын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін – бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз – екінші белгі). 11.Оң қолға зондты олива жағынан 10-15 см қашықтықта қаламұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстап, 12.Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап,зондты бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егер де науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Зондтың бос шетін кысқышпен қыстық. 13.Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы асқазандағы зондтың қалпын тексеріңіз. 14.Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, зондты екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз. 15.Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз, осындай жату қалпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз. 16.Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз. 17.Қысқышты босатып, зондтың бос шетін пробиркаға салыңыз. 18.Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Зондтың ұшына қысқышты салыңыз. 19.Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) зонд арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз. 20.Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі). 21.Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз. 22.Салфеткамен сүңгіні шығарып алып, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз. 23.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. 24.Қолданылған қолғапты, салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 25.Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп, жолдаманы толтырып, лабораторияға жіберіңіз. 26.Науқасты палатаға апарып, тамақтандырдық.
9. Мақсаты:нәжістен және газдан тоқ ішектің төменгі жағын ішек қозғалысын күшейту жолымен босату және нәжісті жұмсарту Көрсеткіші: -Іш қату -Дәрілік (емдік), қоректік және тамшылы клизмалар алдында; -Пациентті асқазан ішек жолдарын, зәр бөлу мүшелерін және кіші жанбас астауында орналасқан мүшелерін рентгенмен зерттеу алдында дайындау; -Операцияларға дайындау; -Тоқ және тік ішектерге эндоскопиялық зерреулер жүргізу алдында дайындау;Қарсы көрсеткіші: -Асқазаннан немесе ішектен қан кету; -Тік ішекте немесе тоқ ішекте жедел қабылдау немесе ойық жара болу; -Тік ішектің қатерлі ісіктері; -Тік ішек айналасында жара болу немесе тік ішектің түсіп кетуі; -Қанайтын геморрой; -Асқазан ішек жолдарына операциядан кейінгі алғашқы күндері; 
Жабдықтау: -Қолғап, халат, алжапқыш; -Таза Эсмарх кружкасы; -Клеенка, жаялық, шелек, тегене; -Вазелин немесе глицерин; -Штатив,судно. -1,5 – 2,0 л. су, су термометрі, құмыра; -Залалсыздандырылған ұшына кигізетін түтік және залазсыздандырылған бикстегі салфетка; -Залалсыздандырылған корнцанг немесе пинцет; −Зарарсыздандыратын ерітінді құйылған ыдыс; -Қолданылған материалдарға арналған ыдыс;Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз пациенттің келісімін алыңыз. Егер пациентің жағдайы келсе, процедураны клизма жасайтын арнайы бөлмеде орындаңыз. Халатыңызды ауыстырып, алжапқышты киіп, қолға гигиеналық деңгейде антисептикпен өңдеу жүргізіңіз. Қолыңызға қолғапты киіңіз Эсмарх кружкасын штативке бекітіңіз, кушеткадан 1 м деңгейде, резеңке түтіктегі кранды жабыңыз.Эсмарх кружкасын температурасы 18-20 градус 1,5-2,0 л сумен толтырыңыз. Анатомиялық іш қату кезінде су температурасы 12-20 градус болуы керек, спастикалық іш қату кезінде -37-42 градус. Залалсыздандырылған бикстен ұшына кигізетін түтікті алып, оны Эсмарх кружкасының резеңке түтігіне жалғаңыз және оған вазелин майын жағыңыз. Ұшына енгізілген түтікті төмен қаратып ұстай отырып резеңке түтіктің кранын ашыңыз, оны суға толтырыңыз. Кранды жауып ұшына кигізілген түтігімен қоса резеңке түтікті штативке бекітіңіз. Кушеткаға клеенка мен жаялықты шеттерін төмен қарай тегенеге түсіре жайыңыз.(егер пациент суды ұстай алмай қалған жағдайға). Пациентке кушетканың шетіне қарай сол жақ қырымен жатуды ұсыныңыз, аяғын ішіне тарта бүгіп (іштің еттері болса, тоқ ішекке судың өтуі жеңілдейді). Егер пациентке қозғалуға болмайтын болса , онда оны арқасына жатқызыңыз. Сол қолыңызбен құйрық арасын аша отырып, оң қолыңызбен ақырындап айналмалы қозғалыстар жасай отырып ұщындағы түтікті тік ішекке енгізіңіз, алдымен кіндікке қарай бағыттап 3-4 см тереңдікте, ал содан соң құйымшаққа параллельді 8-10 cм тереңдікте. Кранды ашып ұшындағы түтікті ұстай отырып, тік ішекке суды жіберіңіз. Судың тез кетпеуін қадағалаңыз , егер су тез кетсе ол ауырсыну сезімін тудырады. Эсмарх кружкасындағы су деңгейін қадағалаңыз, егер су ішекке кетпей жатса, кружканы жоғары көтеріңіз немесе ұшынадағы түтікті қозғап жағдайын өзгертіңіз: оны тереңдете енгізіңіз немесе 1-2 см кейін қарай шығарыңыз. Егер бұл көмектеспесе онда ол нәжіспен бекітіліп қалған. Онда түтікті алып, қатты ағынды сумен жуу керек, немесе басқасына айырбастап, тік ішекке түтікті қайта енгізіңіз. Газ болған жағдайда және іш кебу сезімі пайда болған жағдайда Эсмарх кружкасын кушеткадан төмен түсіріңіз, газ шыққан соң қайтадан біртіндеп көтеріңіз. Кружканың түбінде аз ғана су қалғанша суды ішекке енгізіңіз, ішекке ауа өтіп кетпеу керек, кранды жауып, ұшына енгізілген түтікті алып шығыңыз. Құйрықты қысып, пациенткеішектегі суды 5-10 минутқа ұстап тұруды ұсыныңыз, (мүмкіндігінше), нәжістің жақсы жібіп, сұйылуы үшін. Суды беріңіз немесе пациентті унитазға отырғызыңыз. Клизманың нәтижесін тексеріңіз. Сумен бірге нәжістер шықса, онда клизма сәтті болғаны. Егер клизма сәттіз болған жағдайда процедураны 1-2 сағаттан соң қайта қайталаңыз. Ұшына кигізілетін түтікті және Эсмарх кружкасын зарарсыздандырыңыз.
10. Сифонды клизманы орнату. Мақсат. Ішектің нәжіс пен газдан босатылуы. Сифонды клизмаға көрсеткіштер: тазартатын клизмадан әсердің болмауы; ашытылған ашыту, шіру өнімдері, шырыш, ауыз арқылы түскен уларды және ішек қабырғасы арқылы ағзадан шығарылатын улы заттарды ішектерден шығару; ішек өтімсіздігіне күдік (жуу суында газ көпіршіктерінің болмауы күдікті растайды).Қарсы көрсеткіштер. ішектен қан кету; ішек перфорациясы; ішек жарақаты. Жабдық. Клеенка; бақылау шыны түтік арқылы ұзындығы 1 м басқа резеңке түтікке жалғанған жуан резеңке ішек түтігінен тұратын жүйе (резеңке түтіктің бос ұшына сыйымдылығы 1 л воронка қойылады); қайнаған су (+38 °C) 10 л, яғни. шелек; жамбас; клеенка алжапқышы; резеңке қолғаптар; көлемі I л шелек; хлораминнің 3% ерітіндісі бар «Клизма ұштары үшін» белгісі бар ыдыс. Сифонды клизма, техника. 1. Кушеткаға тазик, клеенкаға бір шеті ыдысқа салбырап тұратындай етіп төселген.2. Науқасты кушеткаға сол жақ бүйіріне жатқызады, аяқтарын тізе және жамбас буындарына бүгіп қояды. 3. Медбике клеенка алжапқыш киеді. 4. Ішек түтігінің ұшын вазелинмен жағып, тік ішекке 30 - 40 см тереңдікте ішектің иілу жерлерін бақылай отырып енгізеді. 5. Шұңқырды науқастың денесінің деңгейінен сәл жоғары көлбеу күйде ұстайды, 1 литр мөлшерінде су толтырылады және дене деңгейінен (1 м биіктікке дейін) көтеріледі. 6. Судың төмендеу деңгейі воронка конусының жоғарғы жағына жеткенде, оны айналдырмай жамбас үстінен түсіреді және олар ішек ішіндегі судың воронканың бұрынғы деңгейіне оралуын күтеді. Шұңқырдың бұл күйінде сумен бірге шығатын газдың көпіршіктері анық көрінеді, олардың қозғалысын байланыстырушы шыны түтікте де байқауға болады. 7. Шұңқырдың мазмұны бассейнге құйылады. Оны қайтадан сумен толтырып, шаюды қайталаңыз. Егер ішек өтімсіздігіне күдік болса (газ бөлінбесе), дәрігерге хабарлау керек. 8. Жуу шелекте су болғанша жүргізіледі. 9. Процедураның соңында шұңқырды алып тастайды, ал түтік тік ішекте 10-20 минутқа қалдырылады, қалған сұйықтықты ағызып, газдарды шығару үшін оның сыртқы ұшын жамбас қуысына түсіреді. 10. Жүйені және шұңқырды қолданғаннан кейін бірден 3% хлорамин ерітіндісінде 1 сағатқа жібітеміз
11. Пациенттерді рентгенге дайындау
зерттеу
Асқазанның, аш ішектің рентгендік зерттеулері
барий, құрсақ қуысы мүшелері (бауыр, өт қабы, болуы
бүйректегі контрастты тастар):
а) аш қарынға жүргізіледі (зерттеу алдында – 12 сағаттық ораза);
б) зерттеуге дейін 2-3 күн ішінде - диета, нашар талшық және
құрамында ең аз газ түзетін өнімдер (сүт, жемістер, қара нан, бұршақ);
в) 3 күн ішінде белсендірілген көмірді 6-8 таблеткадан және (немесе) қабылдау
ферменттік препараттар (фесталь, энцисталь, панкреатин, панзинорм, эспумизан) әрқайсысында 4-6
күніне драже;
г) зерттеу алдында шылым шегетіндер ШЕКТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ!
д) рентгендік зерттеу күні сағызды алып тастау.
жүрек, кеуде мүшелерін рентгендік зерттеу,
сүйектер мен буындар арнайы дайындықты қажет етпейді!
Бел омыртқасының, жамбас сүйектерінің рентгенографиясына дайындық
1. Зерттеуден үш күн бұрын диетадан шығарыңыз:
- қара нан, сүт, бұршақ, бұршақ, қырыққабат, жаңа піскен көкөністер, жемістер мен тәттілер
ыдыс-аяқ;
2. оқу қарсаңында 18-00-ден кешіктірмей – жеңіл түскі ас, содан кейін 2-кезең.
19-00 және 21-00 тазарту клизмалары;
3. зерттеу күні – зерттеуден 2 сағат бұрын тағы бір тазартқыш клизма;
4. аш қарынға келу (тамақ ішпеу, ішпеу).
Өзіңізбен бірге әкеліңіз: тәпішке, жайма, амбулаторлық карта, жолдама.
Асқазанның флюорографиясына дайындық:
- зерттеуден үш күн бұрын диетадан шығарыңыз: қара нан, сүт, бұршақ,
бұршақ, қырыққабат, жаңа піскен көкөністер, жемістер және тәтті тағамдар;
- оқу қарсаңында сағат 18-00-ден кешіктірмей – жеңіл түскі ас;
- аш қарынға келіңіз (тамақ ішпеңіз, ішпеңіз, тісіңізді тазаламаңыз, дәрі қабылдамаңыз.
есірткі, темекі шегуге болмайды).
Ирригоскопия - тоқ ішектің контрастты зерттеуі - дайындықты қажет етеді:
Мен күні:
- 18:00 және 22:00 терең тазартатын клизмалар (1,5 литрден кем емес).
- таңғы ас
- түскі асқа I және II курстар
- Кешкі асқа шай.
II күн:
- таңертең клизма (таза суға дейін);
- жеңіл таңғы ас
- 2-3 сағаттан кейін ирригоскопия жасалады.
Ішті босансытатын дәрілерді қолданбау,сонымен қатар майлы
FORTRANS көмегімен ирригоскопияға дайындық.
Препараттың 4 пакеті 4 литр суда сұйылтылған.
Зерттеу күні қарсаңында сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін 4 литр ерітінді ішу керек.
есірткі. 15 минут ішінде 200 мл. Кешкі ас ішпеңіз. Оқу күні таңертең – жеңіл таңғы ас.
12. Науқастарды зәр шығару жүйесінің рентгендік зерттеуіне дайындау (экскреторлық урография, цистография)
Науқасты уророентгенологиялық зерттеу әдістеріне дайындаудың негізгі шарты - ішектің мұқият дайындалуы, яғни. оны нәжіс пен газдардан тазарту
3-4 күн ішінде диетадан газдың пайда болуына ықпал ететін тағамдарды (көкөністер, жемістер, тәттілер, сүт, қара нан) алып тастау керек. Дәрігер тағайындағандай - белсендірілген көмір.
Газдар мен нәжістің жиналуы зәр шығару жолындағы тастарды анықтауға және бүйректің контрастты жинау жүйелерін визуализациялауға кедергі келтірмеуі үшін кешке және таңертең ерте тазарту клизмаларын жасау қажет.
Зерттеу қарсаңында түстен кейін сұйықтықты тұтынуды 1 литрге дейін шектеңіз.
Зерттеу күні таңертең науқасқа ақ нанның бір бөлігімен бір стақан шай ішуге рұқсат ете аласыз. Зерттеуден бірнеше сағат бұрын бір стақан тәтті шай мен сэндвич түріндегі жеңіл таңғы ас ішектегі газдардың мөлшерін көбейтпейді, ал кейде, керісінше, аштық деп аталатын газдардың пайда болуына жол бермейді.
Зәр шығару жолдарын тексермес бұрын науқасқа серуендеуге кеңес беру керек.
Науқас рентгендік зерттеуге дейін зәр шығаруы керек.
13. Науқастарды асқазан-ішек жолдарын эндоскопиялық тексеруге дайындау
жүйелер
Рұқсат:
 Ұн өнімдері және жарма: ақ нан, кекстер, көкнәр және мейізсіз кептіргіштер, сұлы жармасы, вермишель және кеспе, ақ күріш.
 Ет және сорпалар: сорпа сорпалары, сиыр етінен жасалған тағамдар, пісірілген тауық еті, котлеттер, тефтели, суфле, жұмыртқа
 Балық: треска, көксерке, алабұға, шортан – арық сорттары.
 Көкөністер: көкөніс сорпасы, аршылған картоп.
 Жемістер мен сусындар: қант, бал, сироп.
Зерттеу қарсаңында жүйке кернеуін жеңілдету үшін сіз кешке жеңіл седативті қабылдауға болады: валериан, тазепам және т.б. Егер сіз қант диабетімен ауыратын, жүрек немесе қысымды төмендететін дәрілерді үнемі қабылдасаңыз, дайындық кезінде оны әдеттегідей қабылдауға болады. кешке және таңертең.
Алып тастау:
 Құрамында астық бар тағамдар: тұтас дәндер, жаңғақтар, көкнәр тұқымдары, мейіз, кокос жаңғағы.
 Барлық жаңа піскен және кептірілген көкөністер мен жемістер, барлық жасыл – аскөк, ақжелкен, салат, кинза, насыбайгүл және т.б.
 Қырыққабат сорпасы мен борщ, сүт сорпалары, окрошка.
 Майлы ет, қаз, үйрек, балық.
 Ысталған өнімдер, шұжықтар, шұжықтар, консервілер.
 Тұздалған және маринадталған саңырауқұлақтар.
 Сүт өнімдері: салмасы бар йогурт, пудинг, кілегей, қаймақ, балмұздақ, сүзбе.
 Ащы дәмдеуіштер: желкек, бұрыш, қыша, пияз, сірке суы, сарымсақ.
 Алкогольді сусындар, квас, газдалған су.
 Бұршақ, бұршақ, жасымық.
 Қара нан.
 Нәжісті қара түске бояйтын препараттар: белсендірілген көмір, Де-нол, Вентер, темір препараттары.
ДАЙЫНДЫҚ КҮНІ ҚАНДАЙ ТАҒАМ (зерттеу қарсаңында):
Сіз тек шексіз мөлшерде сұйықтықтарды пайдалана аласыз: мөлдір сорпа, жасыл шай, мөлдір шырындар, газсыз су, қантсыз желе. Сіз қатты тағамды жей алмайсыз.
ӨЗІҢІЗМЕН НЕ АЛУ КЕРЕК?
Қабылдау кезінде жолдама немесе ақылы түбіртек, алдын ала зерттеулердің қорытындысы, егер бар болса (ирригоскопия, колоноскопия), таза шұлық әкелу керек. Алдыңғы түнде душ қабылдаңыз.
ІШЕК ДАЙЫНДАУ:
1-әдіс: ішектерді клизмасыз тазартатын Эндофалк іш жүргізетін препарат (3-4л). Оның жағымды дәмі бар, нәтижесінде ол жақсы төзімді.
Дәріханада 6-8 пакет Endofalk сатып алу керек. Егер сіз созылмалы іш қатудан зардап шегетін болсаңыз немесе салмағыңыз 80 кг-нан асатын болса, онда Эндофалктың 8 пакеті, әйтпесе 6 пакет қажет.
Зерттеу қарсаңында: Әрбір 2 пакетті 1 литр жылы суда ерітіңіз, дайындалған ерітіндіні салқындатуға болады.
18:00-ден 21:00-ден 22:00-ге дейін әр сағат сайын, әр 15 минут сайын бөлек жұтым, 1 стакан (250 мл) пісірілген

дәрілік ерітінді (1 литр салқын суға 2 ұнтақ). Сұйықтықтың мөлшерін азайту мүмкін емес. Дәмді жақсарту үшін целлюлозасыз лимон немесе апельсин шырынын қосуға болады.


Шамамен 1 сағаттан кейін іштің ауырсынуынсыз бос нәжіс пайда болады.
2-әдіс: ішекті клизмасыз тазартатын флот фосфо-содасы іш жүргізетін дәрі.
Дәріханада 2 бөтелке Fleet фосфо-содасы бар пакетті сатып алу қажет.
Зерттеу алдында:
Сағат 7:00-де таңғы астың орнына бір (немесе бірнеше) стакан сұйықтық (шай, сорпа, шырын) ішіңіз
целлюлозасыз, кофесіз, мөлдір газдалған сусындарсыз). Осыдан кейін бірінші құтының мазмұнын жарты стакан салқын суда ерітіңіз. Ерітіндіні ішіп, бір стакан су ішіңіз.
13.00 түскі астың орнына үш стакан сұйықтық ішіңіз (шай, сорпа, целлюлозасыз шырын, кофе, мөлдір газдалған сусындар). Сұйықтықты қабылдау шектелмейді.
19.00 кешкі астың орнына бір (немесе бірнеше) стакан сұйықтық ішіңіз (шай, сорпа, целлюлозасыз шырын, кофе, мөлдір газдалған сусындар). Осыдан кейін екінші шишаның мазмұнын жарты стакан салқын суда ерітіңіз. Ерітіндіні ішіп, бір стакан су ішіңіз.
3-әдіс: Фортранс іш жүргізгіш (4-5л), ішектерді клизмасыз тазартады.
Сізге дәріханада 4 пакет FORTRANSA сатып алу қажет (пациенттің салмағының 20 кг-на 1 пакет, салмағы 100 кг және одан да көп - 5 пакет).
Зерттеу қарсаңында: әр сағат сайын сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін препараттың дайындалған ерітіндісінен 1 стакан (250 мл) (1 литр салқын суға 1 ұнтақ) әр 15 минут сайын жеке жұтымға ішіңіз. Сұйықтықтың мөлшерін азайту мүмкін емес. Дәмді жақсарту үшін целлюлозасыз лимон немесе апельсин шырынын қосуға болады.
Шамамен 1 сағаттан кейін іштің ауырсынуынсыз бос нәжіс пайда болады.
14. Науқасқа тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету Бұл алғашқы реанимациялық шара, көбінесе барлық жүрек-өкпе реанимациясының жетістігін қамтамасыз етеді. Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі - тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп – науқастың ес-түссіз жағдайына жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жұтқыншақтың артқы қабырғасына тілдің түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты ауаны өткізбеуі мүмкін. Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау. Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет: зардап шегушінің басын оң жақ қырына бұрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдыңғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен жоғарғы тістерді басыңыз; аузын ашыңыз; алмалы-салмалы тістерін алыңыз; оң қолдың 2 (сұқ) және 3 (ортаңғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарының толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқият түрде тазартыңыз; зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз. ІІ. Сафардың үш құрамды әдісі Іс-әрекет алгоритмі: Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін – реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойнын артынан көтереді. Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін – саусақтардың ұштарын иек астына, орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдыңғы тістердің негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусаусақтармен төменгі жоқ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдың алақаны зардап шегушінің мандайында тұрады. Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін. Барлық бұл әдістер ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, соның есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді. В ЕРЕЖЕСІ. Өкпенің жасанды вентиляциясы Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды: Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңылаусыздықты қамтамасыз ету қажет. Вентиляцияныңадекваттылығынтұрақты бақылау, кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруда түсуін бақылау, немесе өкпедендем шығарғандағы ауаның қозғалуын қабілетті естушілікпен қабылдау. Есіңізде болсын, вентиляция тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде болады. Өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан - ауызға» жасау әдісі Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу. Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім (П. Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз). Іс-әрекет алгоритмі: бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз; осы қолдың үлкен (І) және сұқ (ІІ) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз; екінші қолыңызбен иекті басыңыз, зардап шегушінің аузы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз; терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерініңізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеніздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінің басын қырына бұрады, аузынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасайды. Өкпеніңжасанды вентиляциясын «ауыздан - мұрынға» жасау әдісі зардап шегушінің мандайындағы қолыңызбен, басты артқа қарай шалқайтыңыз, ал екінші қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып иекті тартыңыз зардап шегушінің ауызы жабылады; терең демді ішке алып, зардап шегушінің мұрнын еріндермен қамтып, демді шығарыңыз. Ересек адамдарға өкпенің жасанды вентиляциясы минутына 12 рет дем алу жиілігімен жасалады, ерікті дем алу пайда болғанша немесе «жедел жәрдем беру машинасы» келгенше немесе биологиялық өлімнің белгілері көрінгенше зардап шегушінің өкпесіне әрбір 5 секунд сайын үрлеу жасау керек. С ЕРЕЖЕСІ. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады. Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру. Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім. Іс-әрекет алгоритмі: Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз. Оның қысып тұрған киімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз. Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады. Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінің төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярлі қойыңыз. Өзіңіздің иығыңызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз. Төстің төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына саусақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстын қанатындай» қалыпта болады. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз. Төс сүйегінің төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, оны 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтеріңкі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі. Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады. Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет. Егер де реанимацияны 1 адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия (басу) жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргізеді. Егер де реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 5 компрессия (басу) жасалады.


15. ЭКГ жүргізу техникасын үйрендік. Процедураға дайындық: зерттеу 10-15 минуттық тыныштық жағдайынан кейін ғана жасалатынын науқасқа алдын ала айту, тексеру кезінде тыныс бірқалыпты және жай болуы керектігін ескерту. Науқасқа өзін өзі таныстыру және процедураның реттілігін және мақсатын мәлімдеу. Науқасқа белден жоғары киімін шешуді, аяқтың жіліншік аймағын киімнен жалаңаштауды сұрау, қолды дене бойымен қойып кушеткаға арқамен жатуды сұрау (мүмкіндік болмаған жағдайда ЭКГ отырған бойда жасалынады) Қолды жуу Электродты физ.ерітіндімен не гельмен (не сумен) ылғалдау Стандартты әкетулерді орнату: Пластинкалық электродтарды жіліншіктің және білектің төменгі үштен біріне, ішкі бетіне орнату және резиналық лента арқылы фиксациялау. Оң білектің төменгі үштен біріне қызыл электрод. Сол білектің төменгі үштен біріне сары электрод. Сол жіліншіктің төменгі үштен біріне жасыл электрод. Оң жіліншіктің төменгі үштен біріне қара электрод. Кеуделік әкетулерді орнату: Резинкелік груша-сорғыш арқылы кеуделік электродтарды орнату: V1 –төстің оң қырынан 4 -і қабырға аралық (қызыл) V2 – төстің сол қырынан 4 -і қабырға аралық (сары) V3 – 5-і қабырға, сол парастернальды сызық (ақ) V4 – 5-і қабырға, сол бұғана ортаңғы сызық (қоңыр) V5 – сол қолтық асты алдыңғы сызық V4 деңгейінде (қара) V6 – сол қолтық асты ортаңғы сызық V4 деңгейінде (көк не көгілдір) Аппаратты тоққа қосу Электрокардиографты жерлету. Тіркеудің бақылаушы калибровкасын жасау: әкетулер ауыстырғышы «0» қалпында сәйкес батырма басу Қағаз қимылының жылдамдығын таңдау. Басқару панелінде сәйкес батырманы басу арқылы жылдамдықты орнату. ЭКГ тіркемесін жүргізу Электродтарды шешу. Науқасқа тұруды және киінуді сұрау. Кағаз лентаға науқастың А.Ж.Т., жасын, тіркеу күнін және уақытын жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет