1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы



бет40/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел
тренинг билеттер түгел
Кездесулер топтары - топтық үдерістерде емес, басқалармен өзара қарым-қатынастардағы аутентиктілік пен ашықтықты іздеуге шоғырланады. Жетекші қауіпсіздік, сену атмосферасын туғызуға тырысады жəне оны топ мүшелерінің құпия ойлары мен сезімдерін білідіру еркіндігін марапаттау мақсатында жетілдіруге көмектеседі. Бұл топтарда басты ретінде «кездесу» ұғымын қолдана отырып, тұлға өсуіне алып келетін психологиялық жəне терапиялық тəсілдер қолданылады.

Психодрама – бұл клиенттің ішкі дүниесін зерттеу үшін драмалық импровизация құралы қолданылатын терапиялық топтық үдеріс. Психодрама өз мағынасында клиенттің көкейкесті проблемалары көрініс табатын драмалық өнердің айрықша түрі болып табылады. Ол сезімдерді зерттеу, мінез-құлықтың жаңа қатынастары мен модельдерін қалыптастыру вербализацияны қолданумен салыстырғанда өмірге нақты жақындатылған іс-қимылды қолданғанда əлдеқайда тиімді деген болжамдарға негізделеді. 

Дене терапиясы топтары - мұнда акцент индивидуумның терең организмикалық сезімдерін тану сферасын кеңейтуді, қажеттіліктер, талаптар мен сезімдер əртүрлі денелік күйлерде қалай кодталатынын зерттеуді жəне осы саладағы шиеленістерді нақты шешуге үйретуді білдіретін денемен танысуға қойылады.

Би терапиясы топтары - қозғалыс мəнері мен сипаты біздің тұлғалық ерекшеліктерімізді бейнелейді деген ұстанымға негізделеді. Би терапевттері топпен сабақ өткізудің бірнеше мақсаттарын атап көрсетеді: топ мүшелерінің өз денесін тану сферасын кеңейту; өзін тануды дененің əлдеқайда оң образын жетілдіру жолымен арттыру; топтық тəжірибе арқылы қарапайым əлеуметтік машықтардың тренингіне мұқтаж клиенттердің əлеуметтік шеберліктерін жетілдіру; топ мүшелерін өздерінің сезімдерімен байланысқа алып келу, басыңқы эмоцияны мен қаттынастарды босату.

Арттерапия топтары. Арттерапия алуан түрлі, соның ішінде агрессивті сезімдерді де əлеуметтік қолайлы мəнерде бейнелеу мүмкіндігін білдіреді. Сурет салу, бояулармен сурет салу (живопись) немесе жабыстыру ширығуды басудың қауіпсіз тəсілдері болып табылады; үдерістегі интерпретация мен диагностикалық жұмысқа арналған негіз береді; алынбайтындай болып көрінетін ойлар жəне сезімдермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді; ішкі бақылау мен тəртіп сезімінің туындауына ықпал етеді. Көркемдік тəсілдерді топты өткізу үдерісіндее қолдану қиялдау мен армандауды терең оқып- үйренуге, топ мүшелері арасындағы шиеленісті шешуге жəне олардың мəмілеге келуіне көмектесуге мүмкіндік береді.

Ұсынылған топтардан басқа, қазіргі кездегі психотерапиялық приктикада Т-топтар, темоцентрленген өзара іс-қимыл топтары, мінез-құлық терапиясы топтары ұйымдастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет