1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері


Көшбасшылықтың анықтамалары. Көшбасшылықтың объективті және субъективті аспектілері



бет50/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò


108. Көшбасшылықтың анықтамалары. Көшбасшылықтың объективті және субъективті аспектілері
.

Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпашылығына төзе білетін тұлға.

көшбасшыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады

Ситауциялық көшбасшылар да болады. Былай күнделікті өмірде ол көшбасшылық қабілетін көрсетпейді. ол көшбасшылығын көрсету үшін белгілі бір жағдай орын алуы тиіс.


109. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қалыптасуы.
Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін. Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді.Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады.Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.
Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолыдағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы,жұмысының біріңғай бағдарламасы,басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте,оның әділеттілік,бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттық жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбінесе қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет