8) көрсетілген мәмілелер нәтижесiнде қамқоршы алған қаражаттың қалай жұмсалатынын айқындайды; 9) қорғаншыларды немесе қамқоршыларды тағайындайды және оларға белгіленген үлгідегі анықтама береді; 10) қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы, патронаттағы және баланы қабылдайтын отбасыларға берілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуға арналған ай сайынғы ақша қаражатын тағайындайды және төлейді; 11) қорғаншылардың және қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің, баланы қабылдайтын ата-аналардың қызметін, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін ұйымдарды бақылауды жүзеге асырады;