Кейс №5
1. Қандай жағдайларда судья талап арызды қозғалыссыз қалдыру жөнінде, талап- арызды қайтару туралы және талап- арызды қабылдаудан бас тарту жөнінде ұйғарым шығаратынын көрсетіңіз:
а) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қарау мен шешуге жатпайды;
б) талапкермен дауды сотқа дейін алдын-ала шешу тәртібін сақталмаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
в) іс осы соттың соттауына жатпаса;
г) талап-арыздың нысаны мен мазмұны заңмен бекітілген талаптарға сәйкес келмесе;
д) егер талапкермен белгіленген мерзімде судьяның нұсқауы орындалмаса;
е) арызды әрекетке қабілетті тұлғамен берілсе;
ж) сол тараптар арасында дау бойынша талаптың сол пәні мен сол негіздемелері жөнінен заңды күшіне енген сот шешімі болса;
з) арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ тұлғамен қол қойылса.
Достарыңызбен бөлісу: |