12. Бірнеше жауапкерге талап қоюлар талап қоюшының таңдауы бойынша жауапкерлердің бірінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша берілуі мүмкін.
13. Осы Кодекстің 31-бабында белгіленген соттылықты қоспағанда, осы бапқа сәйкес іс соттылығына жататын бірнеше соттың арасынан таңдау жасау талап қоюшыға тиесілі.
2 Турция мемлекеті сотының шешімі Қазақстан Республикасы территориясында танылу мүмкін бе?
244-бап. Шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты)бұзуды мемлекеттік тіркеу
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен (зайыбымен) некені (ерлі-зайыптылықты) оның азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында бұзуға құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеуші органда бұзуға жол берілген жағдайда, неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнде бұзылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасында Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып, жасалған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
4. Шетелдіктер арасында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып, жасалған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.