2) өзiне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға; 3) өзінің қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамасында, сондай-ақ процеске қатысушыларға олардың ана тiлiндегi немесе олар бiлетiн тiлдегi аудармасымен бірге табыс етілетін процестік құжаттарда аударманың дұрыстығын өзiнiң қолымен куәландыруға; 4) аудармашы ретiнде тартылуына байланысты өзiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi немесе өзге де деректердi жария етпеуге; 5) тергеу әрекеттерi жүргiзілген кезде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.
5. Дәлелді себептерсіз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн аудармашыға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін. Көрінеу дұрыс аудармаған жағдайда аудармашы қылмыстық жауаптылықта болады.
6. Осы баптың қағидалары мылқау немесе саңырау адамдардың ым-белгiлерiн түсiнетiн және iс бойынша iс жүргiзуге қатысу үшiн шақырылған адамға қолданылады.