1 Судьяның іс-әрекеті дұрыспа? Судья іс әрекеті дұрыс, Қр аіжк 38 бабында



бет78/178
Дата24.08.2020
өлшемі219,71 Kb.
#76805
түріҚұрамы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   178
Байланысты:
Құқықтану гос жауаптары (1)

2сұраққа жауап.

42-1-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы

1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісі қағаздағы және (немесе) электрондық форматтарда жүргізіледі.

2. Қылмыстық процесті жүргізуші адам қылмыстық сот ісін өз қалауы бойынша электрондық форматта жүргізе алады, ол туралы уәжді қаулы шығарылады.

Қылмыстық сот ісін одан әрі электрондық форматта жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші адам қағаздағы форматқа көшеді, ол туралы уәжді қаулы етеді.

8-бап. Қылмыстық процестің мiндеттерi

1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез және толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау қылмыстық процестің мiндеттерi болып табылады.

2. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, ал кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртiпті нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуге тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет