1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Атқарушылық өндіріске көмек көрсетуші тұлғалар



бет107/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
дәріс

Атқарушылық өндіріске көмек көрсетуші тұлғалар ешқандай заңды мүддесінсіз қатыса алады. Бұл топқа тілмаш, айғақ адамдар, мамандар, мүлікті сақтаушылар кіреді.
Атқарушылық іс жүргізуге қатысушы адамдар атқарушылық әрекеттер жасау кезінде өз бастамасы бойынша немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша тілмашты шақыруы мүмкін. Кәмелетке толған, әрекетке қабілетті, іске мүдделі емес, атқару әрекеттерін жүргізу үшін қажетті дәрежеде тіл меңгерген кез-келген адам тілмаш бола алады. Егер де заңда қарастырылған негіздерде қарсылық білдірілсе, тілмаш процесстен шығарылады.
Тілмаштың өз еңбегі үшін сыйақы алуға құқығы бар. Оған төленген сыйақы атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.
Атқарушылық әрекеттер кемінде екі айғақ адамның қатысуымен жасалуы мүмкін. Айғақ адамдардың атқару өндірісіне қатысуы заңның 30-бабымен реттеледі.
Мынадай жағдайларда:

  1. өндіріп алушының немесе борышкердің талабы бойынша;

  2. үйге орналастыру және үйден шығару туралы шешімдерді, борышкердің мүлкін пайдалануға тыйым салуға, алып қоюға және берге, оның тұрғын үйін, үй-жайлары мен қоймаларын ашуға, тексеру жүргізуге байланысты әрекеттерді орындау кезінде, сондай-ақ заңдарда көзделген өзге де жағдайларда айғақ адамдардың қатысуы міндетті. Өзге жағдайларда айғақ адамдар сот орындаушысының бастамасы бойынша қатысуы мүмкін.

Кәмелетке толған, әрекетке қабілетті, атқарушылық әрекеттердің нәтижесіне мүдделі емес кез-келген азаматтар айғақ адамдар ретінде шақырылуы мүмкін.
Атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындаған, арнаулы білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін сот орындаушысы атқарушылық іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша маманды шақыртуы мүмкін. Қажет болған жағдайда бірнеше маман тағайындалуы мүмкін. Сот орындаушысы бұл жөнінде қаулы шығарады.
Қорытынды беру үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес кез-келген адам маман ретінде тағайындалуы мүмкін (31-бап). Мамандар іс жүргізуге тікелей немесе жанама мүдделі болатын болса, онда оған қарсылық білдірілуі мүмкін.
Мамандардың атқарушылық әрекеттер жасауға байланысты жүргізілетін жұмысты орындағаны үшін сыйақы алуға құқығы бар. Бұл сыйақы және мамандар тартуға жұмсалған басқа да шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.
Прокурордың, мемлекеттік басқару органдарының жєне қоғамдық бірлестіктердің атқарушылық өндіріске қатысуы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңмен қарастырылмаған. Бірақ бұл прокурор сот орындаушысының әрекетінің заңдылығына қадағалау жасамайды дегенді білдірмейді. Аталмыш заң прокурордың сот орындаушысының әрекетіне наразылық білдіруін жоққа шығармайды. Бірақ заң прокурордың атқару құжатын өндіруге беру құқығын қарастырмайды. Алайда, прокурор не мемлекеттік басқару органдары АІЖК бойынша талапкер ретінде азаматтық істі қозғай алады. Сонымен бірге, бала мүдделері қорғалатын істер бойынша сот актілерін орындау кезінде қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қатысуы өте маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет