1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ҚАРАУЫНА ӘЗІРЛЕУ



бет53/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   112
Байланысты:
дәріс

13 ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ҚАРАУЫНА ӘЗІРЛЕУ
Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеу, оның маңызы. Істі әзірлеу бойынша процессуалдық әрекеттер. Істі соттың талқысына тағайындау.


Дәріс
Азаматтық істі соттың талқысына әзірлеу, оның маңызы. Арызды қабылдап, азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта қарауға істі әзірлейді. Азаматтық істі әзірлеу азаматтық іс жүргізу құқығымен реттелген қоғамдық қатынастар жиынтығын құрайды, онда нақты азаматтық істі сотта қарау процесінде азаматтық сот өндірісі міндеттерінің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету үшін сот пен іске қатысушы тұлғалардың және басқа да процеске қатысушылардың арасында туындайды. Істі әзірлеу процесске қатысушылардың уақытын ұтымсыз жоғалтуымен күрес құралы ретінде әрекет етеді. Әзірлеу істің күрделілігіне қарамастан жүргізілуге тиіс.
Сотта іс қарауға істі әзірлеудің міндеттері мыналар:
а) істі дұрыс шешу үшін талап қою мен қарсылықты негіздейтін, басқа да маңызы бар мән-жайларды айқындау;
б) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;
в) іске қатысушы тұлғалардың құрамы мен процесстің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
г) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау, олардың уақытында тапсырылуын қамтамасыз ету.
Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу – сотта іс қараудың негізі болып табылады. Оның сапасына сотта іс қараудың соңғы нәтижелері, сот пен мемлекеттің беделі тәуелді. Азаматтық іс жүргізудің алдында тұрған міндеттерді жемісті орындау үшін қажетті жағдайларды қамтамсыз етуде азаматтық істерді әзірлеу ерекше маңызды орынға ие. Жақсы өткізілген әзірлік жан-жақты, толық және істі объективті қарастыру үшін жағдайлар туындатады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, азаматтық істердің көпшілігін әзірлеу сапасы заңда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейд, ал кейбір жағдайларда тіпті әзірлеу сатысы өткізілмейді де. Қойылған талаптың пәні, қарсылықтың мәнісі және іске мүдделі тұлғалар үнемі дұрыс анықталмайды. Осының салдарынан сотта іс қарау сәтінде азаматтық іс жүргізу заңнамасының көптеген нормаларын міндетті түрде жүзеге асыру қамтамасыз етілмейді. Кейде соттар істі әзірлеген кезде заңды және негізделген шешімді қабылдау үшін маңызды дәлелдемелерді ұсынуды талап етпейді. Сонымен қатар, процессуалдық үнем, дәлелдемелердің іске қатыстылығы мен жол беру талаптарының бұзылуы, шындықтың ашылуына үлес қоспайтын және іс жүргізуді күрделілендіретін іс үшін маңызы жоқ дәйектемелермен толады. Кейбір соттар әзірлеу барлық істер бойынша емес, тек күрделі істер бойынша ғана жүргізу қажет деп қате ойлайды. Сапасыз әзірлеу немесе оның жоқтығы істі негізсіз қайта қарауға қалдыру, оларды қарастыру бойынша заңмен белгіленген мерзімдердің бұзылуы, негізсіз азаматтарды сотқа шақыру сот жүргізудің нашарлауына, шығындардың көптеп жұмсалуына әкеледі.
Материалдық-құқықтық нормалардың дұрыс қолданбауының салдарынан бұзылған шешім ғана емес, сонымен, қатар, егер нәтижесінде дау негізі бойынша дұрыс шешілсе де жіберілген процессуалдық олқылықтар және істің тыңдауға дайын еместігінің жағдайлары сот беделіне зиянын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет