Бұқаралық ақпарат құралдары – бұл бұқаралық комуникация тәсілдерінің бірі, яғни апаратты тарату үрдісінің бір түрі болып табылады. БАҚ-тың кәсіби қағидалары:
1. БАҚ-та Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне, ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне нұқсан тигізетін, елімізді халықаралық қоғамдастық алдында ұятқа қалдыратын ақпараттарды таратуға болмайды.
2. БАҚ-та ешкімді нәсілі, ұлты, жынысы, жасы, денсаулығы, денедегі ақаулығы (кемтарлығы), әлеуметтік деңгейі және діни сенімдері бойынша төмендетуге, қорлауға, сөгуге болмайды.
3. Ойлау, ар-ұждан және ойын білдіру еркіндігін шектеуші, жалпы халықтың этикалық құндылықтарын аяқасты етуші, діни сенімдер мен жанұя институтының негіздерін құлатушы ақпараттарды таратуға болмайды.
4. Бұқара жұртшылыққа адал қызмет етуге тиісті журналистер этикалық құндылықтарға қарсы іс істемейді және белгілі бір топтардың мүдделерін орындайтын қолшоқпар болмайды
5. Заңды яки жеке тұлғаларды сынау шегінен асатын қорлаушы немесе олардың абыройына тіл тигізуші, балағаттаушы, жала жабушы ақпараттарды таратуға болмайды.
6. Адамдардың жеке өмірі тек қоғамның мүддесі тұрғысынан алғанда ғана тақырып бола алады. Бұдан тыс жағдайларда адамдардың жеке өмірі туралы мәлімет таратуға болмайды.
Бұқаралық ақпарат құралдары- биліктің бірден-бір қорғаушысы, әділдіктің эталоны. Журналистердің жазған пікірлеріне, жан айқайларына, өткір пайымдауларына, тіпті өзмшілдіктеріне де түсіністікпен қарау керек. Себебі журналист өз мүддесі үшін емес, ұлт мүддесі үшін жұмыс жасайды. Мемлекеттік билік жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара түсіністік пен шынайы әріптестік дамып, нығайып одан әрі жиналған күш жігер еліміздің ақпаратқа қолжетімділік қоғам мен мемлекеттің демократиялық тұрғыда дамуының маңызды элементі болып табылады
5. Бұқаралық ақпарат жинау. Қоғам жайлы, әлеуметтік құбылыстар жайлы жиналған мәліметтер мүмкіндігінше шындыққа сәйкес, әділетті болу үшін қазіргі әлеуметтанымда мәліметтер жинаудың бірқатар жетілген әдіс-тәсілдері қолданылады. Сондай әдіс-тәсілдерге бақылау, сұрау әдістері, салыстыру, математикалық-статистика әдістері жатады.
Бақылау – мәліметтер жинауда барлық ғылымдарда ежелден қолданылып келе жатқан кең тараған әдіс. Бақылау процесі белгілі бір қоғамдық құбылысты қабылдаудан, жазып қоюдан және түсіндірме жазудан тұрады.Кез келген қабылдау бақылау бола бермейді. Ғылыми бақылау – белгілі бір мақсатқа сәйкес құбылысты мұқият қабылдау болады. Жай бақылауға қарағанда, ғылыми бақылау жоспарлы да жүйелі түрде, белгілі бір зерттеу мақсатында қабылдау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |