1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет27/52
Дата07.12.2022
өлшемі281,75 Kb.
#161697
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
Байланысты:
Тезисы Социология каз.2020 г.

Номотетикалық бағыт – тұлға қызметтерінің жалпы, әмбебап заңдарын талдауды көздейді. Бұл салада қолданылатын басты әдістер – жаратылыстану әдістері: бақылау, эксперимент, деректерді математикалық – статистикалық өңдеу.
Идеографиялық бағыт – тұлға бірегейлігін, оның қайталанбас біртұтастығын дәріптейді де негізгі зерттеу әдістері ретінде рефлек- сия және «жекеленген жағдайлар» әдістерін қолдана отырып, олардан алынған деректерді теориялық жалпылыққа келтіреді әрі түсіндіре баяндайды.
Тұлғаның рөлдік теориясы адам әрекет-қылығын екі түсінік негізінде сипаттайды: «әлеуметтік мәртебе», «әлеуметтік рөл». Бұл теорияның не- гізгі тұжырымдарын берген қалымдар Т.Парсонс, Р.Мертон және т.б.
Әлеуметтік мәртебе (статус) – бұл тек өкілінің қоғамдық құқықтары мен міндеттері жүйесіндегі басқа да көптеген амал- әрекеттерімен байланысқан негізгі де нақты дәрежелік бағыт- бағдары.
Әр адамның әлеуметтік мәртебесі оның ішкі жандүниелік ұстанымдары мен құндылықтарынан, сондай-ақ сырттай кейпінен (киім киісінен, мінез- құлығынан, жүріс-тұрысынан, сөз саптау мәнерінен және т.б.) көрінеді. Әлеуметтік мәртебе өзінің жоғары деңгейінде болса – ол мақтаныш, ол тұлға қанағатының белгісі, ал егер ол төмен дәрежеде көрінсе, жек көрушілік, тіпті жеркеніш күйзелістерін туындатады.
Қай деңгейде болмасын, адамның әлеуметтік бағдар – бағытының ауысуы тұлғалық қасиет-сапалардың өзгеруіне себепші болады да, оның «Мен» құрылымына ерекшеленген сипат ендіреді, өзіндік санасы мен өзіндік бағамын жаңа арнаға салады. Адам араласқан әлеуметтік қатынастар жүйесі де жаңаланады, сырттай қатынастағы адамдар көзқарасы да ауысып, назарындағы тұлғадан күтетін тілек-ниеттері жүйесі өткендегі қалпынан шығады.
Әлеуметтік рөл – қоршаған орта адамдары қалау-күткеніне сәйкес нақты тұлғаның мәртебесіне орайласқан әрекет-қылық үлгісі (моделі), яғни өзге адамдардың өз әрекеттерін нақты мәртебелі тұлғада бекіген құқықтар мен міндеттерге сәйкестендіріп, немесе оларды бұлжытпай қайталап, орындауы.
Тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі де осы әлеуметтік рөлді атқару барысында өз өрісін тауып, іске асып жатады. Субъект ретіндегі адамның өз әлеуметтік рөлін атқаруы оның қызығулары мен қажеттеріне сай болған білім, дағды және ептіліктерінен көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет