1 Тақырып. Философияның пәні, мақсаты және қызметтері. Дәріс мақсаты


тақырып: ХVІІІ ғасырдағы Европаның ағартушылық философиясы



бет13/46
Дата08.02.2022
өлшемі264,5 Kb.
#98576
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
Байланысты:
1510691601359 дәріс

6 тақырып: ХVІІІ ғасырдағы Европаның ағартушылық философиясы
Дәріс мақсаты: ХVІІІ ғасырдағы Европаның ағартушылық кезеңімен және оның ерекшеліктерімен таныстыру.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар өзінің ағартушыларын да туғызды Олар- П. Гассенди /1592-1655/, Вольтер /1694-1778/, Жан-Жак Руссо /1712-1778/, И.В. Гете /1749-1832/. Олардың пайда болуына ең алдымен капиталистік қоғамның қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың, физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның дамуы және олардың адам санасына үстемдік құрған діни идеология қарсы шықты. Олардың басты мәселелері - адам тағдыры, оны рухани қыспақтан босату, саяси еркіндік, гуманизм мәселелері еді.
Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған тарихшы, дипломат, философ, ағылшын Ағартушылық кезеңнің көрнекті өкілі Давид Юм /1711-1776 жж/. Юм ешқандай түпнегізді /субстанция/ мойындамайды. Себебі ол шын мәніндегі түпнегіз емес, тек идея ғана. Юмның түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын әсерлердің үздіксіз қимылы. Вольтер, шын аты Франсуа Мари Аруэ /1694-1788/. Негізгі шығармалары: «Тарих философиясы», «Философиялық повестер мен әңгімелер», «эстетика», «Хаттар». Волтердің пікірінше, адамзат тарихы, адамзаттың прогресс пен білімділік үшін күрес тарихы. Осы тұрғыдан адамзат үшін мәдениеттің құндылығын баса көрсетті. Монтеське Шарль Луи - /1689-1755/ құқық және тарих мәселелсін философия тұрғысынан қарастырған француз ойшылы. Заңдар – табиғи және қоғамдық болып екіге бөлінеді. Табиғи заңдарға әр елдің табиғат ерекшеліктеріне байланысты (ауа райы, жер реңі) қалыптасқан психологиялық мінез-құлықтар жатады. Оның пікірінше: билік бөлініп, заң шығару, атқарушы және сот биліктері дербес, бір-біріне тікелей бағынбайтын болулары керек. Руссо Жан Жак - /1712-1778/ француз ағартушылығы ағымының шеңберінен шыға алмаса да, оның негізгі идеяларымен келіспейтіндігін көрсеткен жазушы және философ. Теңсіздік – мәңгі әлеуметтік құбылыс емес. Алғашқы қоғамдық қоғамда теңсіздік болмаған, себебі жеке меншік болған жоқ, сондықтан барлық мәселе адамгершілік тұрғысынан шешілді. Кейінірек, өндірістік құралдардың жетілуі мен жоғары сатыға көтерілуіне жеке меншіктің, ал ол – теңсіздіктің пайда болуына себепкер болды.
Француз «Энциклопедиясын» /1751-1788/ шығару барысында, сол кездегі табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйенген бір топ ойшыл ғұламалардың дүниетанымдық көзқарастары қалыптасты. Олардың ілімдерін жалпы «энциклопедистер ілімі» деген атпен қарады. Негізгі өкілдері мен еңбектері: Дени Дидро /1713-1784 ж.ж «Рамо жиені»/, Жюльен Офре де Ламетри /1709-1752 жж. «Адам-машина»/, Поль Анри Дитрих Гольбах /1723-1789 жж. «табиғат жүйесі»/, Клод Андриан Гельвеций /1715-1771 жж. «Адам туралы»/.
Энциклопедистердің пікірінше, әлемнің түпнегізі – табиғат, материия. Оның негізгі қасиеттері: кеңістікте көсілу, салмақ, бірлік, түр, қозғалыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет