1. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсатын айтыңыз


Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттерін түсіндіріңіз



бет4/14
Дата06.01.2022
өлшемі21,6 Kb.
#110196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Документ (4)

4.Қауіпсіздік түсінігі, курстың негізгі міндеттерін түсіндіріңіз.

Қауіпсіздік қауіп-қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.Тірі организмдердің ішінде қауіп қатер адамға қөп төнеді. Себебі, адам өзінің өмір сүру ортасын жасай алатынан басқа, өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, антропогендік орта да құрады. Сондықтан адамның кез-келген іс әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтижесін де әкелуде. Оған мысал экологияның бұзылуы, ауыру және жарақат алу мен қатар кей жағдайларда қайғылы оқиға да тууы болып отыр. Осыған байланысты адамды және өмір сүру ортасын қорғау іс-әрекеті қауіпсіздік шаралары болып табылады. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, қауіпсіздіктің кешенді қорғану шаралары пайдалану қажеттілігі туады. Ол кешенді қорғану шаралары құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдік шараларын қамтиды. Қауіпсіздік адамды, табиғатты және материалдық құндылықтарды қорғау жағдайы. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 3 негізгі міндеттерді орындау керек. Нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау (идентификация). Талдау өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу үшін жүргізіледі. Адамды және өмір сүру ортасын қауіп-қатерден қорғаудың тиімді және сенімді шараларын әзірлеу. Қауіп-қатердің қорғау іс-әрекеттерінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнатылуы мүмкін емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет