ХХ ғ. екінші жартысындағы АҚШ АҚШ соғыстан экономикалық және әскери жағынан капиталистік дүниедегі ең қуатты мемлекет болып шықты. Мұнда капиталистік дуниедегі өнеркәсіп өнімдерінің жартысынан көбі өндірілді. Америка әскерлері Германияга, Жапонияга, Италияга және басқа да елдерге орналастырылды. Жер шарының түкпір-түкпірінде 500-ден аса американ соғыс базалары жасақталды. Америка флоты күндіз-туні мұхиттар мен теңіздерді жүзіп жүрді. АҚШ атомдық қаруға бірден-бір ие болды. Ф.Рузвельтің қайтыс болуына байланысты 1945 ж. 12 сәуірде қызметке кіріскен АҚШ Президенті Гарри Трумэн АҚШ өзіне дүниежүзі үшін жауапкершілікті алды деп мәлімдеді: "Бейтараптықтың", оның бергі жағында, 30-жж. оқшауланудың күні артта қалды. Осыдан бастап АҚШ дүниежүзілік саясаттың орталығына айналды.