1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері



бет67/95
Дата26.01.2022
өлшемі158,56 Kb.
#114953
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95
Байланысты:
гос 1 ЖАУАПТАРЫ

37.Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіндегі ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Ата-аналармен жұмыстың түрлері мен әдістері ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, отбасылық дәстүрлерді сақтауға, тәрбие беру әлеуетін күшейтуге бағытталған. Балабақша мен отбасы арасындағы педагогикалық өзара байланыстың табыстылығы көбіне тәрбиешінің өз қызметінде қаншалықты ата-аналардың қызығушылығын тудыратын және заманауи мектепке дейінгі ұйымның тәрбиелеу мен оқыту процесіне белсене қатысуға жағдай жасайтындай атааналармен жұмыс түрлерін қолдануына байланысты. Жұмыс тиімділігінің критерийлері: - жоспарланған барлық іс-шараларға ата-аналардың көп қатысуы; -ата-аналардың балалармен жұмыс кезінде ұсынылған материалдарды қолдануы; - отбасының оң бағасы мен мектепке дейінгі ұйыммен алдағы серіктестікке берілген жағымды пікірлер болып табылады. Балабақша мен отбасы арасындағы өзара ықпалдастықтың түрлері мен мазмұны алуан түрлілігімен ерекшеленеді, бірыңғай стандарты болмайды. Әдетте отбасымен жұмыстың екі түрі белгіленген: - ұжымдық (дәрістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, ата-аналар жиналыстары); - жеке (әңгімелесу, кеңестер, тапсырмалар, отбасын аралау). Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің балалар ата-аналарымен өзара ықпалдастығының дәстүрлі түрлері замануи инновациялық технологиялармен үйлестірілген. Ата-аналармен жұмыста ақпараттықкоммуникациялық технологиялар (АКТ) кеңінен қолданылады. Педагогтерде де, ата-аналарда да қатынастың дәстүрлі емес түрлері ерекше танымалдықпен қолданылады. Олар ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға, олардың назарын балабақшаға аудартуға бағытталған. Ата-аналар өз балаларын басқа жаңа жағдайда көріп, жақсырақ біледі, педагогтермен жақын араласады. Жекелей және топтық кеңестер, ата-аналар жиналыстары және көрнекі насихаттау өткізуден басқа «ауызша журналдар», педагогикалық қонақжай, мәселелер бойынша дискуссиялар, сұрақ-жауаптар кештері, КТК, «ток-шоу» сияқты түрлерін қолдану ұсынылады. Мектеп жасына дейінгі ерте және кіші топтардағы ата-аналар жиналыстарында ата-аналарды белсендіру үшін ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және күн тәртібінің сәттерінде бейнежазбаларды көруді және талқылауды ұсынуға болады. Ересек топтардың тәрбиешілеріне алдын ала белгіленген тақырып бойынша диспуттар ұйымдастыру, белсендірудің интерактивті әдістерін, сұқбаттасуды, талқыланатын мәселенің рейтингтік бағасын, талқылау үшін бірнеше түрлі көзқарастарды қолдану ұсынылады. Ата-аналармен өзара ынтымақтастық өнімділігін арттыруға, ата-аналармен балалардың бірігуіне конкурстар өткізу де ерекше ықпал етеді. Спорттық іс-шаралар өткізуде барлық қатысушылардың дене дамуы мен денсаулықтарын нығайтумен қатар отбасының беріктігіне, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік, эмпатия сезімін қалыптастыруға жағдайлар жасалады. Мысалы, «Отбасылық старттар», «Денсаулық күндері», «Әкем, анам және мен» спроттық ойындарын, Отан қорғаушылар күніне арналған музыкалықспорттық мереке. Тәрбиеші, ата-ана мен баланың жақын араласуы отбасында баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымда ата-аналармен жұмыстың дәстүрден тыс түрлері кеңінен қолданылады: - танымдық; - бос уақытты тиімді өткізу; - ақпараттық-талдау; - көрнекілік-ақпараттық. Өзара ықпалдастықтың танымдық түрлері ата-аналарды бала дамуының жас және психологиялық ерекшеліктерімен, олардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға арналған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыруға мүмкіндік береді. Бұл топқа:  жалпы ата-аналар жиналыстары;  ата-аналар қатысуымен педагогикалық кеңес;  ата-аналар конференциясы;  отбасылық клуб;  шағын жиналыстар;  қайырымдылық күндері;  ата-аналар мен балалардың бірге сенбіліктері жатады. Бос уақытты тиімді өткізу түрлері педагогтар мен ата-аналар, ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынас, эмоциялық байланыс орнатады. Бұл ең тартымды, қажетті де ең күрделі түрі. Өйткені, кез келген іс-шара атаанаға өз баласының проблемаларын ішкі жағынан көруге, басқа балалармен салыстыруға, қарым-қатынастағы қиындықтарды байқауға, басқа балалар қалай жасайтынын көруге, яғни өз баласымен қатар ата-ана қоғамдастығымен байланысу тәжірибесін алуға мүмкіндік берілетінімен түсіндіріледі. Бірлескен іс-шараларды өткізу барысында ата-аналар бірлескен жұмыстан қанағат алып, сәйкес балабақшаның беделі артады. Бұл бағытта:  мейрамдар мен ойын-сауықтар;  ертеңгіліктер;  туған күнді атап өту;  концерттер, жарыстар;  балалар жұмыстарының, отбасылық суреттер көрмесін;  балабақшадан тыс біріккен экскурсиялар мен серуендер;  қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға болады. Ақпараттық-талдау түрлері әр баланың отбасы туралы мәліметті жинау, өңдеу және қолдануға бағытталған (балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша ата-ананың білім деңгейін анықтауға, құзыреттіліктерін жоғарылатудағы олардың қызығушылықтарына ықпал ететін сауалнамалар алу мен тестілеу консультациялық пункттер, брошюралар, ата-аналарға арналған құралдар ұсыныстарға арналған қорап және т.б.). Мектепке дейінгі ұйым ата-аналарымен жұмыста ақпараттықкоммуникациялық технологиялар (АКТ) кеңінен қолданылады. Білім беру процесінде АКТ қолдану – білім беру процесінің сапасын арттырумен қатар балабақша педагогі мен отбасы арасындағы қарымқатынастың жаңа деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін білім беруді жаңғыртудың басым бағыттарының бірі Бұл мақсатты жүзеге асыруда әртүрлі құралдар: - балабақша сайты; - ұялы байланыс; - электрондық консалтингтік қызмет (электронды пошта); - жеке веб-парақты қолдану; - «Дана бала» ғылыми-ақпараттық әдістемелік журналы; - «Отбасы KZ» интернет-порталы кеңінен қолданылады. Сайттар балабақша қызметінің ашықтығы мен педгогтер мен ата-аналар үшін ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Сайтқа кіру барлық қолданушылар үшін ашық. Сайт беттерінде ата-аналар мектепке дейінгі ұйым жұмысының ерекшеліктерімен таныса алады, сайттың негізгі қызметі – мектепке дейінгі ұйым қызметі туралы ресми ақпаратты ұсыну. Ол үшін балабақша Жарғысын, әкімшілік, педагогтер туралы мәлімет, педагогпсихолог, логопед, дефектолог жұмыс кестесін, шешілетін мақсат-міндеттер, тәрбие жұмысының жылдық жоспарын орналастыру ұсынылады. Мәтіндік ақпаратты көрнекілік материалдармен толықтырылады (фото, видео). (2- қосымша). Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша кәсіби кеңестер алуға, мектепке дейінгі білім берудегі соңғы жаңалықтарды білуге, нормативтік құжаттармен танысуға, өз аймағындағы мектепке дейінгі ұйым бойынша ақпарат алуға, балабақша мен мектепке дейінгі ұйым және сайт жұмысын ұйымдастыру сұрақтары бойынша өз ұсыныстарын, пікірлерін және тілектерін қалдыруға болады. Бүгінгі күні тәрбиешілер белсенді түрде WhatsApp қолданбасын қолданады, онда ата-аналар кез келген өзін алаңдататын сұрақты қойып немесе бір мәселелер туралы хабарлама жібереді, ертеңгіліктерден соң пікірлер мен суреттермен бөліседі. Педагогтер күн тәртібінің сәттерінен фрагменттерді жібереді. Сонымен қатар, электронды пошта мен жеке веб-парақ кеңінен қолданылуда. Электронды пошта арқылы педагог түрлі іс-шаралар өткізу туралы ақпарат жібереді. Электронды поштаны қолдану тиімділігі ата-аналарға ақпараттың ауқымды көлемін жіберіп, отбасымен тікелей өзара байланысты жүзеге асыруға болады. Интернет желісіндегі тәрбиешінің жеке веб-парағында көбіне балаларды тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша консультациялық материалдар: мамандардың кеңестері, тәрбиешінің ұсынымдары, электрондық газет және т.б. орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет