86.ҚазіргіқазақмемлекеттілігініңреспубликатерриториясындағыежелгімемлекеттерменҚазақхандығынанерекшелігі.
Еуразия мен Қазақстан жеріндегі көшпелі қоғамның даму эволюциясы туралы білесіңдер. Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара тиімді байланыстардың жергілікті этностық негізде жүргендігі туралы танып білдіңдер.
Көшпелілердің тарихына арналған еңбектер XVIII ғасырдан бастап пайда болды. Оның көпшілігінде көшпелілердің саяси-әлеуметтік мәселелері қарастырылып, көшпелілер ешқашан таптық, қоғамға жетпеген, оларда мемлекет болмаған делінді. Ал мемлекеттің алғашқы нышандары бар деп есептеген зерттеушілер оны өте беделді тайпа көсемдерінің релімен байланыстырды.
Осындай мағынадағы еңбектер XIX—XX ғасырларда да жарық көрді. Дегенмен шетелдерде жарияланған еңбектердің көпшілігінде көшпелілерде мемлекет болғандығы мойындалды. Олар бірақ көшпелілердегі мемлекеттіктің және империялардың пайда болуын тек жаулап алушылықпен байланыстырды. Олардың ойынша, көшпелілердегі мемлекеттер сол қоғамның өз ішінде қалыптасқан өндірістік заңдылықтар арқылы емес, көшпелілердің отырықшы халықтарды жаулап алуы, солардан үйрену арқылы пайда болған дейді.
Көшпелілер өркениетінің құрамдас белігі болып табылатын қазақ мемлекетінің пайда болуы мен дамуының тарихы тереңде жатыр. Негізін Керей мен Жәнібек салған Қазақ хандыгы XV ғасырдың 60—70-жылдары құрылды. "Сонда Қазақстан аумағында оған дейін мемлекет болмаған ба?" деген заңды сұрақ туады. Жалпы, бұған дейінгі Қазақстан тарихнамасында XV ғасырдың екінші жартысынан XIX ғасырға дейін өмір сүрген Қазақ хандығы да мемлекет ретінде саналған жоқ. Тек "қыргыз- қайсақтардың үш ордасы" деп есептелді. Көшпелі қоғам рулық-тайпалық. бірлестіктерден ғана тұрады. Сондықтан "көшпелілер отырықшы-егінші елдер мен халықтарды жаулап алмайынша, өз мемлекетін құра алмайды" делінді. Бұл ұлыдержавалық көзқарас патша үкіметінің ресми өкілдері ғана емес, буржуазиялық тарихнама өкілдері тарапынан да қолдау тапты. Отарлық саясат патша үкіметінің "мәдениет пен өркениет" миссиялары туралы сөздерімен бүркемеленді. Патша шенеуніктері: "Қазақтар — жартылай жабайы, көшпелі халық", — десе, буржуазиялық тарихшылар: "Қазақтар — жартылай алғашқы қауымдық сатыда тұрған халық, оларда рулық құрылыс үстемдік етеді", — деген қорытынды жасады.