1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері


Ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу



бет29/94
Дата15.06.2020
өлшемі218,7 Kb.
#73471
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   94
Байланысты:
Тарих 90сурак сессия

29. Ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу.

1930 жылы 5 қаңтарда БК(б)П Орталық Комитеті «Ұжымдастыру қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек шаралары туралы» қаулы қабылдады.Қаулыда Орталық комитет жаппай ұжымдастыруды жүзеге асыру үшін елдің аудандарын үш топқа бөлді: Бірінші топқа осы ұжымдастыруға белгілі мөлшерде даяр деп есептелінген таза астықты аудандар жатты. ОларғаОрта және төменгі Волга, Солтүстік Кавказ аудандары кірді. Ол аудандардашаруа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931 жылдың көктемінде аяқтау белгіленді; Екінші топқаелдің Украина, Орталық қара топырақты облыстар, Сібір, Орал, Қазақстанныңастықты аудандары жатты.Бұл аудандарда ұжымдастыруды аяқтау мерзімі бір жылға ұзартылды, яғни шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды1932 жылдың көктемінде аяқтау қажет болды; Елдің бүкіл басқа өлкелері мен облыстары үшінші топқа енді. Бұл жерлерде шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1933 жылдың көктемінде, яғни бірінші бесжылдықтың аяғына қарай аяқтау жоспарланды. Көшпелі қазақ ауылдары осы үшінші топқа жатқызылды. Алайда Қазақстанда ұжымдастыру елдің басқа аймақтарымен салыстырғандабаяу жүргізілуі тиіс деген пікірге Ф.И.Голощекин мүлде қосылмады. Ол Қазақстанның кенже дамыған аймақ екеніне қарамай,ұжымдастырудың жоғары қарқынын мақтаныш етті. ГолощекинЖер халық комиссариатының комиссары Яковлевке (ол Бүкілодақтық ауылшаруашылық ұжымдары кеңесінің төрағасы) және РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т. Рысқұловқа жібергенжеделхатында 1929–1930 жылдары республикада ұжымдастырудыкүшейту үшінжоспардың қайта қаралғанын,сөйтіп 1930 жылдың күзіне қарай ұжымдастырумен 350 мың шаруашылықтыңқамтылатынынкөрсетті. Осыған байланысты бүкіл республикадағы ұжымдастыру жоспары қайта қаралды [5, 9 б.]. Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 проценті ғана ұжымдастырылса, 1930 жылы50 проценті, 1931 жылдың қазанында 65 проценті ұжымдастырылды, яғни ұжымдастыру қарқыны жеделдетілді. 1931 жылы республикадағы 122 ауданның 78 ауданында ұжымдастырумен 70—тен 100 процентке дейін шаруа қожалықтары қамтылды [6, 302 б.]. Алайда ұжымдастыруды жүзеге асыру барысындажіберілген зорлық—зомбылықтар Орталық Комитеттің 1930 жылы 14 наурызда қабылдаған «Колхоз қозғалысындағы партия бағытын бұрмалаушылықпен күрес туралы» қаулысында партия бағытын бұрмалаудеп қана бағаланды. Большевиктік орталық билік ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан шаралардың бәрін дұрыс деп есептеп, кемшіліктерді жіберіп отырғандармен күресу қажет деді. Ол кемшіліктердің жалпы жүргізіп отырылған саясаттың қателігінен екендігі, яғни үкіметтің шешімдері мен солақай нұсқаулары нәтижесінде болып жатқаны мойындалмады. Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қарқынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК—нің 1930 жылы 1 ақпанда қабылдаған «Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысынегізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды.Шаруа қожалықтарынан бай—кулактарды бөліп алып,оларды тап ретінде жою жүзеге асырылды. Бай—кулактарды үш топқа бөліп жазалады. Бірінші топқа контрреволюцияшыл белсенділер жатқызылды. Ондай топқа енген шаруалар бірден тұтқындалып, олардың ісі сотқа берілді. Екінші топқа ірі кулактар жатқызылды. Бұл топқа енген шаруаларды да бірден ұстап, солтүстікке немесе жаппай ұжымдастыру аудандарынан алыс аудандарға жер аударды. Ал, үшінші топқа кулактар отбасылары жатты. Оларды сол ұжымдастыруаудандарындағыколхоздар бөлген жерлергеқоныстандырды. Енді осы шаралардың жүзеге асырылуы барысында жазалануға белгіленген топтармен қатар сол үкім шығарылып, жазаға тартылғандарарасында орташалар,тіптен кедейлер деболған. 1928–1929 жылдарда бай—кулактар есебіне алынып жазаға тартылғандар, яғни қудаланғандар есебі 54 625 болды.1931 жылы 5500 шаруабай—кулак ретінде аласталды. Ал енді 1928 жылғы тәркілеу кезіндегі қазақ қоғамындағы бай—феодалдар саны тек 696 ғана болғанын ескерсек, бұлардың да кімдер екені белгілі. Бұл сандарды нақты деп айту қиын, себебі жауапқа тартатын органдардың саны өте көп болды. Мысалы, 1932 жылы Юстиция Халық Комиссары өзінің өте құпия хатында барлық жауапқа тартылғандардың бар болғаны 37,3 проценті кулактар екенін, ал қалғанықатардағы еңбекшілер екенін мойындаған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет