1–Дәріс. Гипермәтіндік белгілеулердің принциптері. Дәріс мазмұны



бет4/20
Дата16.01.2023
өлшемі91,42 Kb.
#165673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Дәрістер 123

Құжат денесінің тегі.
Құжат денесінің тегі интерфейстік қолданушы программасында ақпаратты көрсетуді басқарады. Олар мәтінде тізілген контекстік гипермәтіндік сілтеме көмегімен деректер базасының гипермәтіндік құрылымын бейнелейді. Құжат денесі тұрады:
-иерархиялық контейнер және заставка;
-тақырыптар (Н1-Р6 дейін);
-блоктар(параграфтар, тізімдер, формалар, кестелер, суреттер және т.б.);
-көлденеңінен белгілеп алу және адрестер;
-мәтіндер, стильдерді жүргізу облыстарына бөлінген(сызылған, белгіленген, курсивті);
-математикалық бейнелеу, графиктер және гипермәтіндік сілтеме;
BODY
Құжат денесінің тегін бейнелеу BODY тегі арқылы бастап жазылады. HEAD тегінен айырмашылығы, BODY тегі атрибут қабылдайды:
ID-тег идентификаторы. Тегті атау үшін, сол сияқты гипермәтіндік сілтеме бойынша нүктелік ауысу түрінде қолданылады. Берілген атрибут құжат бетінің барлық тегінде бар.
LANG-екісандық ISO-639 код түрінде құжат тілін анықтайды, нүктеден кейін міндетті емес ISO-3166 форматында қала коды алынады. Тіл стандартын құраушылардың ниеті бойынша берілген атрибут түсіндіру программасын тану және көптілді мәтінді бейнелеуді басқару керек. Сонымен қатар Arena да, арнайы HTML 3.0 иллюстрациялау үшін арналған, ол осы мүмкіндікті іске асырмайды.
CLASS-“ADDITION.FIRST” типті иерархиялық құрылған ат. Мәтін тегін, анықталған бейнелеу стилімен байланыстыруға арналған. Қазіргі кезде қолданылмайды.
Жоғарыда көрсетілген үш атрибут дене тегіне жалпы болып табылады және алдағы уақытта оларды қарастырмаймыз. Егер атрибут құжат мәтіннің дене тегінде кеңейтілмесе, онда ол арнайы көрсетіледі.
BACKGROUND-құжат мәтінін бейнелейтін фонды анықтайды, мысалы, HTML-құжатында фон ретінде үлкен емес графикалық кескін ”bgr.gif” қолданылады.
< BODY BACKGROUND =”bgr.gif”>
Осы мысалда көрсетілгендей, берілген атрибуттың мәні ретінде URL формасында қысқартылған адрес қолданылады. Бұл локальдық файл адресі.
Белгілеу тегін басқару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет