1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»



бет1/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау


1курс сессия . «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары
1. «Қазақстан тарихы» пәнінің мақсат-міндеті, кезеңделуі,дереккөздері, тарихнамасы.
Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пенінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу.
Мұныңөзі Қазақстан тарихын оқытатын оқытушыларға да, студенттерге де, ЖОО басшыларына да үлкен міндеттер жүктейді.
- Егеменді Қазақстан мемлекетініңқалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын тарих білімінің теориялық және әдіснамалық базасын жасау;
- Қазақстан халықтарының ортақ тарихы негізінде Қазақстандыққоғамның бірігуі үшін идеологиялық база дайындау;
- Батыс пен Шығыстыңғаламдық тарихы құрамында өзара байланыста қарастырылатын Қазақстан тарихыныңөзіндік қайталанбас орнын, сондай-ақ дүниежүзілік тарих пен адамзат өркениетінің тасқынында қарастыруды көздеуі;
- Тұтас қабылдауға негізделген Отан тарихының бірыңғай логикалық стержінін құру, олар мемлекет құрушы ұлттар - қазақтар мен Қазақстан халықтарының этногенезі; Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің эволюциясы; тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығы; тарихтың сабақтары;
«Қазақстанныңқазіргі заман тарихы» оқу пәнінің негізгі мақсаты-Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезендері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуыныңүздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.


2.Адамның шығу тегі териясы және адамзаттың алғаш пайда болған жері мәселесі.
Адамның даму тарихы - күрделі және қарама- қайшы көзқарастармен сипатталады.
Приматтар эволюциясы сүтқоректі жануарлардан басқа отрядтары сияқты, шамамен, бұдан 60 млн жыл бұрын басталған үштік кезеңде өтті. Үштік кезеңнің екекінші жартысында кең таралған жоғары сатыдағы маймылдардың қазбалық тобы - дриопитектер екі эволюциялық бағытқа: понгидтер мен гоминидтерге бастама берді. Понгидтер ұрпағы - гориллалар мен шимпанзелер қазіргі кезде де тіршілік етеді. Гоминидтерге қазіргі уақытта бір ғана түр - Саналы адам жатады.
Адамның арғы тегі эволюция жолымен бірте-бірте қалай дамығанын зерделеу қиын: қазба қалдықтар өте аз және оладың өзі толық емес. Сондықтан гоминидтер эволюциясының әр түрлі нұсқалары бар.
РамапитектерБірқатар ғалымдар бідің ғаламшарымызда 14 млн жыл бұрын гоминидтер тұқымдасына жатқызуға болатын маймылдар пайда болды деп болжайды. Олар Үндістан, Шығыс Еуропа, Ресей аумағында тіршілік еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет