ҚОРЫТЫНДЫБүгінгі таңда мемлекеттер арасындағы өзара кикілжіңдер, әлемдік қарулы қақтығыстардың жиі орын ала бастауы адамзатты сақтап қалу туралы гуманистік ұстанымдарды туғызады. Қандай да соғыс болмасын, ол тек қасірет пен қайғыға душар етеді. Сондықтан сарабдал дипломатиялық келіссөздердің күш алуын сол адамзаттың өзі бақылағаны жөн.
9. 1917 жылғы ақпандағы буржуазиялық-демократиялық революция және Қазақстан. 1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.
Экономикалық
Ауыл-шаруашылық мәселелер шешілмеді.
Шаруалар жердің аздығы мен қайыршылық күйкешті;
Кәсіпкерлер мен жұмыскшылар арасында ортақ заңнамалардың жоқтығынан шиеленістер туындады;
Экономикалық дамуда қарамағайшылықтар орын алды;
Соғыс салдарын бағанын өсуі, ақшаның құнсыздануы эконочикалық дағдарысқа әкеліп соқты.
2. Әлеуметтік
Аштық, дағдарыс, соғыстағы жеңілістер, миллиондаған адамдардың шығыны;
Әлеуметтік қорғау шараларының жоқтығы.
3.Саяси
Патша билігінің беделінің төмендеуі;
Өкімет басқаруына наразылық;
Буржуазиялық басқарудың жоқтығы.
1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты.
Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды.
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.
1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. 1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Революцияшыл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық ақпан төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т. б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Бұл кеңестерде көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды. Бұлардың басында бұрынғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды. Нәтижесі:
Қос өкіметтің пайда болуы;
Демократияның құрылуы
Ақпан төңкерісі ұлтаралық қатынастардың жақсару бастамасы;