2. автономия/ autonomy


Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру



бет45/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

59.Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру
Бұл ретте, тұтас қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын жіктеуге болады.
- Бәсекелік қабілет - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Яғни, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына септігін тигізетіні сөзсіз. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына сай даярлаудың қамы.
- Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу.
- Ұлттық бірегейлікті сақтау - ұлттық сананың кемелденуі. Яғни, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Алайда, басты мақсат - ұлттық салт-дәстүрлеріміздің, тіліміз бен музыкамыздың, әдебиетіміздің, жоралғыларымыздың, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуы.
- Білімнің салтанат құруы. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу - біздің қанымызда бар қасиет. Осыған орай, елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылып, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасуда. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіні сөзсіз.
- Сананың ашықтығы. Бұл ретте, біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны нəтижесіндегі өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Үшіншіден, өзгелермен тәжірибе алмасу мақсатында ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
ІІ. Таяу жылдардағы міндеттер.
Қоғамдық сана өз кезегінде тек қана заман талабына сай жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Қазіргі таңда осыған орай, бірнеше жобалар ұсынылған болатын.
- Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау.
- қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу. Бұл бағдарламаны қолға алудағы басты мақсат қандай? Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім беру, яғни, білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау.
- «Туған жер» бағдарламасын қолға алу. Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Біріншіден, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Екіншіден, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау мақсатында. Бұл - қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Біз оған өз кезегімізде тыйым салмай, керісінше, ынталандыруымыз керек.
- Жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру. Яғни, бұл дегеніміз - «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы.
- Ұлт мақтаныштары тек қана бұрынғы өткен батыр-бабалар, данагөй билер бен жыраулар ғана болып қалмауы тиіс. Бұл ретте, көзделген мақсат «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы, яғни, Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихында назарда ұстау.
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, ол үнемі заман ағымына сай дамып отыратын тірі ағза тәрізді. Ол өмір сүру үшін əрқашанда бейімделуге қабілетті болуы шарт. Заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Алайда, жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылысты, түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсу үшін туындаған мүмкіндіктерді сақтап қалу, одан əрі нығайта түсу оңай емес. «Біздің басты күшіміз - бірлікте» - демекші, Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдыру басты жалпыға ортақ мақсат. Алдымызға қойған межеге жетуіміз үшін баршамыз жұдырықтай жұмылып, аянбай еңбек етуіміз керек. Сол кезде ғана алдағы асулар мен белестерді бағындыратындығымыз сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет