2 Кешенді емтихан сұрақтары «Химияны оқыту әдістемесі» (6В01507- «Химия») «Химияны ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі»


Қалыптастырушы бағалау үдерісін түсіндіріңіз



бет29/31
Дата11.06.2023
өлшемі202,02 Kb.
#178606
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
6В01507-6В01515-«Химия пед 2 компл.экзамен» қазақша

Қалыптастырушы бағалау үдерісін түсіндіріңіз
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін көрсетеді, оқудағы қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланысты қамтамасыз ететін үдеріс.
Оқыту мен оқуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Бұл қалыптастырушы бағалау барысында жүргізіліп, оқушының оқу жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігі болып табылады, оны қосымша жаттығу мен тест тапсырмалары деп қабылдамаған дұрыс.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерден тұрады:
-Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
-Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
-Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп отыру.
-Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай етіп ынтымақтастыру.
-Оқушы өз оқуы барысында өзін «жасаушы/құрушы» ретінде қабылдау.
Мұғалімнің іс-әркетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
-қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
-қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
-оқыту мен оқу үдерісінің бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалау жүргізу;
-қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
-кері байланыс ұсыну;
-қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау негізінде оқу мен оқытуды түзету.
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерімен қатар, оқушыларға ауысып отыратын топ құрамында жұмыс істеу ұсынылады.
Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана бағалайды және Блум таксономиясында берілген алты ойлау дағдыларының деңгейлерін - білу мен түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалауды көрсетеді. Мұғалімнің бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды.

Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде оқушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Критериалды бағалаудың міндеттері: 1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту; 2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы оқушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау; 3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу; 4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз: - оқушыларға олардың оқу сапасы туралы; - мұғалімдерге оқушылардың ілгерілеуі туралы; - ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы; - басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну; 5. Оқу нәтижелеріне деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы рефлексия, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту. Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері): Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты. Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады. Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. 6 Үздіксіздік. Бағалау оқушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері оқушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.


51. Химиялық реакция теңдеулері бойынша жүргізілетін есептеулердің жалпы әдістемесі. Қоспаға есептер шығару әдістемесі. Қоспадағы компоненттердің массаларын анықтауға байланысты есептерді шығартуға үйрету. Мысал келтір.


52. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын оқыту әдістемесі. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы ұғымның қалыптасуы мен дамуы. Бағдарламадағы материалдардың оқытылу орны және көлемі.


Бейорганикалық қосылыстар құрамына қарай төрт сыныпқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар. Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы ұғымдар алады. Әр сыныпқа жататын заттардың жалпы және жеке қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысады.
Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, белгілері, механизмі және типтері туралы алған білімдерін жетілдіреді, реакцияның жаңа типтерімен танысады.
Атом молекулалық ілімнің негізгі қағидалары жөніндегі білімді заттарлың қасиеттерін болжау, түзілетін заттардың құрамын бағдарлау, химиялық реакциялардың бағытын және қалай жүретінін түсіну үшін пайдаланылады.
Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары жаңа сатыға көтеріледі. Бейорганикалық қосылыстар сыныптарының арасындағы генетикалық байланыстарды ашу арқылы периодтық заң мен периодтық жүйені саналы игеруге әзірленеді.
Оқу-тәрбиелік маңызы зор болғандықтан, химияның бағдарламалары мен оқулықтарында бейорганикалық қосылыстардың маңызды сыныптарына едәуір мол орын беріліп келеді.
Бейорганикалық қосылыстардың мазмұны, оқылу реті, методикалық тәсілдері бірнеше рет өзгергенімен алғашқы ұғымдарды қалыптастыруды теориялық деңгейі атом-молекулалық ілімнің сатысында қалып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет