8. Төс, бұғана, жауырын құрылысы Уникальность: 100% Төc,sternum-бұл кеуде қуысының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысатын дара сүйек.
Оның функциялары кеуде мүшелерін жарақаттан қорғау, сондай-ақ әртүрлі
бұлшықеттерге сүйек бекітуін қалыптастыру болып табылады. Сүйек үш бөлікке
бөлінген:
-Төс тұтқасы,manubrium.Жоғарғы жиегінде мойындырық тілігі-incisura jugularis,бүйір
бөліктерінде бұғаналық тілігі- incisura clavicularis және қабырғалық тілігі-incisura costalis
орналасқан.
–Төс денесі, corpus sterni.Төс сүйегінің денесі мен тұтқасы байланысқан жерінде төс
сүйегінің бұрышы-angulus sterni орналасқан.
–Семсертәрізді өсінді,processus xiphoideus.Ең қысқа келген бөлігі және 17-18 жасқа дейін
шеміршектін тіннен,кейін сүйектік тіннен дамиды.
Жауырын сүйегі-os scapula үшбұрыш тәрізді, жұп жалпақ ,қабырғалардың артқы бетінен
екіден жетіге дейін орналасқан сүйек.Оның үш қыры, үш бұрышы және екі жақ беті
ажыратылады.Жоғарғы қыры –margo superior бойында жауырынның жоғарғы тілігі-
incisura scapulae superior орналасқан.Ол жауырынның құстұмсық өсіндісіне-processus
corocoideus ұласады.Медиалді қыры- margo medialis адамның арқасынан айқын көруге
болады.Ал үшінші қыры-латералді-margo lateralis қолтық ойысына қарай бағытталып
орналасқан.
Жоғарғы қыры мен медиалді қырының қосылған жерінде жауырынның жоғарғы бұрышы-
angulus superior орналасады.Медиалді қырым және латералді қырының байланыстырып
тұратын бұрыш- төменгі-angulus inferior омыртқа бағанасына қарап орналасады.
Медиалды қыры мен латералды қырының қосылған жерінде жауырын мойыны-collum
scapulae арқылы шектелген басқа бұрыштардан үлкенірек болып келен латералді бұрышы-
angulus lateralis орналасқан.Оның басында тоқпан жіліктің басымен беттесіп буын
құрайтын буындық ойысы- cavitas glenoidalis болады. Оның жоғарғы жағында буын
ойыстық жоғарғы төмпешігі- tuberculum supraglenoidalis ал төменде төменгі төмпешік-
tuberculum infragleinodalis орналасады.Маңызы:бұлшықеттер басталатын жерлер.