6) Гомеостаздық функция организмнің ішкі орта тепе-теңдігін реттеу;
7) Эндокриндік функция эндокриндік клеткалар - гастрин , серотонин , гистамин
биологиялық белсенді заттектер өндіру;
Қорыта айтқанда, асқорыту жүйесі systema digestorium дегеніміз – тағамды
Ас қорыту жүйесі, ѕуѕtеmа digestorium, тағамды механикалық және химиялық жолмен
өңдеп, тамақтың өңделген бөліктерін сіңіріп, қалған бөліктерін сыртқа бөліп шығаратын
ағзалар кешені болып табылады. Адам ағзасында ас қорыту жүйесі systema digestorium
ерекше рөл атқарады, өйткені ол барлық жасушалар мен тіндердің өмірлік белсенділігін
қамтамасыз етеді. Асқорыту жүйесі мүшелері тамақ компоненттерін қан мен лимфаға
сіңіп, ағзаның барлық жасушалары олардың өмірлік белсенділігін сақтау және арнайы
функцияларды орындау үшін сіңіре алатын қарапайым қосылыстарға механикалық өңдеу
және химиялық бөлуді жүзеге асырады. Адамда ас қорыту жолының үзындығы 8-10 м
құрайды және ол ауыз қуысы , жұтқыншақ , өңеш , асқазан , жіңішке ішек және тоқ ішек
деген бөлімдерге бөлінеді. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту
бездерінен тұрады.
7-8 күнде ұрықтандырылған жұмыртқаны эндодермадан түтік түрінде дамыту процесінде
бастапқы ішек қалыптаса бастайды. Эмбриональды дамудың 4-ші аптасынан бастап ас
қорыту жолдарының бөлімдері пайда болады:
алдыңғы ішектің туындылары-жұтқыншақ, өңеш, асқазан және ұйқы безі мен бауыр, он
екі елі ішектің бөлігі;
ортаңғы ішек туындылары- аш ішек, мықын ішек туындылары артқы ішектің
туындылары-тоқ ішектің барлық бөліктері.
Бұл органдардың әрқайсысы тіндер мен мүшелердің нақты құрылымдық және
функционалды белгілермен сипатталады.
Асқорыту жүйесінің бірінші бөлімі ол ауыз саңылауы rima oris кейін ауыз қуысы cavum
oris. Ауыз қуысынан кейін аран қылтасы isthmus faucium кетеді, содан кейін жұтқыншақ
pharynx, өңеш esophagus, асқазан ventriculus, жіңішке ішек (intestinum tenue, тоқ ішек
intestinum crissum, артқы өтіспен anus аяқталады. Ас қорыту жүйесіне қосымша сілекей
бездері, бауыр (hepar) , ұйқыбез (pancreas) жатады.
Ендігі кезекте ішастарға тоқталсам, ішастар (peritoneum) – іш қуысының ішкі бетін және
іш қуысының ағзаларын сыртқы жағынан жауып жатқан, сірнелі сұйықтық бөлетін және
сіңіру қасиетке ие сірнелі қабық. Ішастарды біз екіге бөлеміз. Олар:
Ішастардың іш қуысының ішкі бетін жауып жатқан бөлігін париеталық ішастар
(peritoneum parietale), ал іш қусындағы ағзаларды тікелей сыртынан жауып жатқан бөлігін
– висцералық ішастар (peritoneum viscerale) дейміз. Осыған байланысты ағзалардың
висцералық ішастарға қатысты орналасуының үш түрін ажыратады: интраперитонеалді,
мезоперитонеалді және экстраперитонеалді.
Интраперитонеалды – ағзалар ішастармен барлық жағынан жабылады. Бұл ағзаларға
асқазан, аш ішек, соқыр, мықын ішек, көлденең тоқ ішек;
сигма тәрізді ішек; тік ішектің
бастапқы бөлімі;
көкбауыр
Б) Мезоперитонеалды – ағзалар ішастармен үш жағынан жабылады, ал төртінші жағы – іш
қуысының қабырғасымен борпылдақты бітісіп жататын адвентиция қабығымен жабылған.
Бұл мүшелерге жоғарлынған тоқ ішек, төменденген тоқ ішек, бауыр, өт қабы, қуық толған
кезде, жатырды жатқызамыз.
В) Экстраперитонеалды – ағзалар ішастармен тек бір жағынан ғана жабылады, яғни
ағзалар ішастар артында (ретроперитонеалды) немесе ішастар алдында
(антеперитонеалды) немесе ішастар астында (субперитонеалды) орналасады, ал қалған
жақтарында адвентиция қабығы болады. Бұл ағзаларға 12 елі ішектің төменденген бөлімі,
бүйрек, бүйрек бездері, несепағар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: