Тәрбие – аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.
Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т.б. қасиеттерді қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту процесі.
Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.
Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған, арнайы міндет көздеген жұмысы.
Өзін-өзі тәрбиелеу - өз бойындағы адамгершілк қасиеттерді дамытып, теріс қылықтарды жоюға бағытталған баланың жүйелі және саналы әрекеті.
Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі.