3-дәріс. І-блок. Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің Қалыптасуы


Монтескъе көшпелілер қоғамын «әділетті, теңдікті қоғам» десе, Фергюсон, Адам Смит



бет2/4
Дата20.09.2023
өлшемі1,96 Mb.
#181702
1   2   3   4
Байланысты:
ҚТ 3-1 Дәріс Рысбекова Г.Е. (2)
Равина практика
    Бұл бет үшін навигация:
  • Кант
Монтескъе көшпелілер қоғамын «әділетті, теңдікті қоғам» десе,
  • Фергюсон, Адам Смит: «Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды», — деген.
  • Ал философ Кант: «Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды» деген тұжырым жасайды.
  • Атақты философ Гегель: «Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ», — деп есептеген.
  • XX ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілікке көзқарасы әр түрлі болғанымен, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына ғана назар аудару басым болды.
    • Мысалы, Рацель, Гумплювич, Торнвальд, Тойнби деген ғалымдар: «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді» деген тұжырымдар айтты. Олардың және бұл ғалымдардың жолын қуушы қазіргі заманғы зерттеушілердің пікірінше: «Көшпелі қоғам — бұл бір орнында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын қоғам, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын қоғам, болашағы жоқ қоғам».
    • Көшпелілік кеңес ғылымында XX ғасырдың 20—40-жылдарынан бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді. Мысалы, А. П. Чулюіиников деген зерттеуші: «Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым болды», — десе, П. Кушнер: «Көшпелілерде «рулық мемлекет», феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды», — дейді.
    • XX ғасырдың 30-жылдары С.П.Толстов пен Б.Я.Владимирцевтің көшпелі қоғам туралы пікірлері 60-жылдардың соңына дейін әр түрлі нұсқада қайталанып, дамытылып келді.
    • С. П. Толстовтың пікірі бойынша: «Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдық қоғамды басынан өткізді. Бірақ көшпелілердің құлиеленушілік қоғамы әскери құлиеленушілік демократия немесе патриархаттық монархия түрінде құрылды». «Көшпелілердегі меншіктің негізі жер ме, мал ма?» деген мәселенің төңірегінде пікірталас жүрді.
    • Бір топ ғалымдар: «Көшпелілерде рулық қоғам қалдықтарымен араласқан феодалдық қоғам болды және феодалдық меншіктің жерге қатысты негізін жерге жеке меншік құрады», — дегенді айтты.
    • Екінші бір топ зерттеушілер: «Еуразия көшпелілері патриархалдық-феодалдық қоғамда өмір сүрді, осы таптық қоғамдағы меншіктің негізгі түрі малға қатысты жеке меншік болды, ал жер рулық қауымның ортақ иелігінде болды», —деген пікірді ұстанды.
    • Көшпелі қоғамды зерттеуде қоршаған орта (табиғат) және адамның белсенді іс-әрекет мәселесі жиі қозғалып отырды. Олардың пікірі бойынша, далалы, шөлейтті, шөлді, таулы аймақтарды жайлаған халықтарда табиғат жағдайына қарай мал шаруашылығы, көшпелілік қалыптасқан. Осындай халықтардың бірі — қазақ халқы далалы, шөлейтті аймақты игерудің бірден-бір жолы мал шаруашылығы деп білген және осындай табиғи жағдайға икемделе өмір сүрудің тамаша үлгісін көрсеткен.
    • Көшпелі халықтар, оның ішінде ғұндар мен түркілердің тарихына ерекше мән берген тарихшы Л.Н.Гумилев болды. Ол Еуразия көшпелілерінің бұл құрлықтың тарихында алатын орнын өте жоғары бағалады. Дегенмен Л.Н.Гумилев: «Халықтар дамуында, олардың қалыптасуында, шаруашылық-мәдени ерекшеліктерінің пайда болуында географиялық, экологиялық фактор үлкен рөл атқарады» деп санады. Оның ойынша, «бүкіл тарихи үдеріс географиялық, биосфералық өзгеріске тікелей және толығымен тәуелді». Л.Н. Гумилевтің осындай көзқарастары кезінде сыналған да еді.
    • Археолог К.Ақышевтың пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі
    • мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір
    • дәуірінің басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға жатады.
    • Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағында ерте заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын алған.
    • XX ғ. 60—70-жылдарынан бастап қазақ көшпелі қоғамы жөнінде қазақстандық ғалымдардың еңбектері шыға бастады.
    • Бұл ретте С.Зимановтың «Қазақтардың XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық құрылысы»,
    • В.Ф. Шахматовтың «Қазақтың жайылымдық көшпелі қоғамы»,
    • С. Толыбековтің «XVII—XX ғасырдың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы»,
    • Д.Кішібековтің «Көшпелі қоғам: шығуы, дамуы, құлдырауы»,
    • Н. Масановтың «Қазақтардың көшпелі өркениеті», т.б. еңбектері жарық көрді.
    1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет