37. Саралап және даралап оқытудың мәні


Баға қою Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау



бет10/14
Дата12.09.2023
өлшемі76,36 Kb.
#180877
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
37-45 сұрақ
қыркүйек айының сабақ кестесі, Ойындар
Баға қою

  • Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау –сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады.

  • Ішкі жиынтық бағалау – оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау. Ішкі қорытынды бағалауды педагогтар немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.

  • Сыртқы жиынтық бағалау – бастауыш мектепте (5-сынып), негізгі мектепте (10-сынып), жоғарғы мектепте (11-12 сынып) оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды. Қорытынды жұмыстарға қойылған баға, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.

    41.Мектеп оқушыларына азаматтық тәрбиені жүзеге асырудың міндеттері мен жолдары. Қазақстан азаматтарының құқықтық мәдениеттілігін қалыптастыруды мектеп жасынан бастау қажет. Ол үшін 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін оқушыларға өнегелілік-құқықтық тәрбие, азаматтық білім берудің тұтас жүйесін жасау қажет.
    Қазақстан Респуликасының Конституциясында көрсетілген білім беруді ізгілендіру бағыты қоғам мен жеке адам мүддесіне сәйкес мектепті жаңаша құрудың өзегі болады.
    Білімді ізгілендіру жеке адам мен мемлекет мүддесін ұштастыратынын ескере отырып, мектепте құқықтық білім беруді жаңаша құрудың тұжырымын ұсынып отырмыз.
    Білім беру жеке адамның толық дамуына бағытталуы және адам құқықтары мен бостандығын сыйлауды арттыру керек. Білім беру халықтар, әр түрлі діни сенімдегі топтар мен нәсілдер арасындағы өзара түсіністік пен достықтың артуына ықпал етуі керек.
    Гуманистік бағдар алған, еркіндік пен демократияның бағалығын ұғынған, азаматтық тұрғыдан белсенді, заңды тыңдаушы, адам бостандығы мен құқығын сыйлайтын және оны қорғайтын, заңгерлік білімді меңгерген, өзін қоршаған дүниеге өміршең жоспар енгізетін жеке тұлға тәрбиелеу мектеп оқушыларына құқықтық білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып табылады.
    Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.
    Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде-бұл тұлғаның күрделі, кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтық мазмұны бар әрекеттер мен қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
    Адамның құқықтық мәдениеті –күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т. б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.
    Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдыры мен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасы тәжірибесін негізге ала отырып жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.
    Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті межелер, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш жерінде жасырынын қалуға болмайды.
    Өкінішке орай, күнделікті күйден тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет