5-9 сыныптарға арналған математика пәнінен гимназия сағаттары, факультатив және гимназия үйірмелерінің бағдарламаларының жинағы


Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру



бет31/51
Дата20.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#132590
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Байланысты:
фак 5-9-сыныптар (1)

Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.
Мағынаны тану:
-Жарайсыңдар, балалар, енді алдымыздағы 1-конверт бойынша жұптасып жұмыс жасаймыз. Бұл жұмысты ақ қағазға жапсырып, жазып орындайсыңдар. Тапсырманы орындап болған жұптар жұмыстарын қорғайды.
Әр оқушының алдына сандар мен арифметикалық ребустар қиындылары бар 1-конверт тасталады. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Арифметикалық ребустарды құрып, шешеді. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері түйіндеп шығарады, қорғайды.
1-конверт тапсырмасы
1-жұпқа: 4*4*4*4=8 Шешуі: 4+4+4-4=8, 4+4-4+4=8
2-жұпқа: 5*4*3*2*1=3 Шешуі: 5+4-3-2-1=3, 5-4+3-2+1=3
3-жұпқа: 6*6*6=30 Шешуі: 6∙6-6 =30
4-жұпқа: 5*5*5=5 Шешуі: 5+5-5=5, 5-5+5=5
5-жұпқа: 5*4*3*2*1=5 Шешуі: 5+4-3-2+1=5, 5-4+3+2-1=5
Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.
-Бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ.
Сабақ тақырыбы: «Арифметикалық ребустар» (Слайдтан тақырыбы, мақсаты оқылады)
-Сонымен ребус туралы не білеміз?
-Ребус-бұл жасырынған сөздерді, сөйлемдерді суреттің, әріптің, таңбалардың көмегімен табу ойыны. Ребус латын тілінен аударғанда «зат, нәрсе» ұғымын білдіреді. Алғашқы ребустар Францияда 15-ғасырда пайда болған.
-Ребустың қандай түрлерін білесіңдер?
-Суретті ребустар, әріпті ребустар, математикалық ребустар, арифметикалық ребустар.
-Арифметикалық ребус екенін қайдан білдіңдер ?
-Арифметикалық ребустарды шешуде нені басшылыққа аламыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет