«Қазақстан тарихы» пәні бойынша
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
5-сынып
Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл
Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
МАЗМҰНЫ
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 7
«Ежелгі көшпелілер өмірі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7
«Сақтар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 10
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 13
«Сақтар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 13
«Үйсіндер мен қаңлылар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 16
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 19
«Ғұндар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 19
«Сарматтар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 22
«Ежелгі Қазақстан тарихына шолу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 25
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
|
Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі.
Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері
|
Оқу мақсаты
|
5.4.1.1 Ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау
5.2.2.1 Археологиялық ескерткіштерді сипаттау
5.2.2.2 Археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Ежелгі адамдардың кәсібін сипаттайды
Археологиялық ескерткіштерді сипаттайды
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін көрсетеді
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
1. Ежелгі адамдардың кәсібін сипаттаңыз.
2. Тас дәуірінің археологиялық ескерткіштеріне сипаттама жазыңыз.
Археологиялық ескерткіш
|
Сипаттама
|
1
|
|
2
|
|
3
|
|
3. Беғазы Дәндібай мәдениетінің белгілеріне қатысты ақпараттардың «ақиқат» не «жалған» екендігін анықтаңыз.
№
|
Ақпараттар
|
Ақиқат
|
Жалған
|
1
|
Беғазы–Дәндібай мәдениеті бұл андрондық мәдениеттен сақ тайпаларының мәдениетіне көшу кезеңі
|
|
|
2
|
Беғазы–Дәндібай мәдениетінің хронологиялық ауқымы XII-V ғасырлар аралығын қамтиды.
|
|
|
3
|
Беғазы–Дәндібай мәдениеті Орталық Қазақстан аумағын алып жатты.
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Ежелгі адамдардың кәсібін сипаттайды
|
1
|
алғашқы адамдардың 1-кәсіп түріне сипаттама жазады;
|
1
|
алғашқы адамдардың 2-кәсіп түріне сипаттама жазады;
|
|
алғашқы адамдардың 3-кәсіп түріне сипаттама жазады;
|
1
|
Археологиялық ескерткіштерді сипаттайды
|
2
|
1-археологиялық ескерткішке сипаттама жазады;
|
1
|
2-археологиялық ескерткішке сипаттама жазады;
|
1
|
3-археологиялық ескерткішке сипаттама жазады;
|
1
|
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін көрсетеді
|
3
|
1-ақпараттың ақиқат/жалған екендігін анықтайды;
|
1
|
2-ақпараттың ақиқат/жалған екендігін анықтайды;
|
1
|
3-ақпараттың ақиқат/жалған екендігін анықтайды.
|
1
|
Жалпы балл
|
9
|
«Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ________________________________________________
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Ежелгі адамдардың кәсібін сипаттайды
|
Алғашқы адамдардың 1/2/3-кәсіп түріне сипаттама жазуда қиналады
|
Алғашқы адамдардың 1/2/3-кәсіп түріне сипаттама жазуда қателіктер жібереді
|
Алғашқы адамдардың 1/2/3-кәсіп түріне сипаттама жазады
|
Археологиялық ескерткіштерді сипаттайды
|
1/2/3-археологиялық ескерткішке сипаттама жазуда қиналады
|
1/2/3-археологиялық ескерткішке сипаттама жазуда қателіктер жібереді
|
1/2/3-археологиялық ескерткішке сипаттама жазады
|
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін көрсетеді
|
1/2/3-ақпараттың ақиқат/жалған екендігін анықтауда қиналады
|
1/2/3-ақпараттың ақиқат/жалған екендігін анықтауда қателіктер жібереді
|
1/2/3-ақпараттың ақиқат/жалған екендігін анықтайды
|
Достарыңызбен бөлісу: |