НЕГІЗГІ БӨЛІМ Логика және риторика тарихы – аргументтеу теориясы ретінде Ежелгі дүниедегі аргументтеу өнерінің генезисі: Үндістан, Қытай,
Ежелгі Грекия. Антикалық логика – аргументтеудің бірінші теориялық
негізі ретінде. Софистика, эристика, диалектика. Сократ, Платон және
Аристотельдің аргументтеу тәсілдері. Аристотельдің «Риторикасы». Ежелгі
Римдегі шешендік өнер: Цицерон және Квинтилиан.
Орта ғасырлардағы риторикалық мәдениет. Схоластика. Орта
ғасырдағы университет пікірсайысының риторикасы мен практикасы. Орта
ғасырлық араб-мұсылмандық және әль-Фараби логикасы. Қайта Өрлеу
дәуіріндегі сендіре білу және сөз саптау өнері. Жаңа дәуір: Ф.Бэкон,
Б.Паскаль аргументтеу және шешендік туралы. Картезиандық логика.
«Өмір философиясының» риторикасы мен аргументтелуі: А.
Шопенгауэр және Ф. Ницше.
ХХ ғасырдағы Риторикалық Ренессанс. Х. Перельманның «Жаңа
риторикасы». Ст. Тулминнің аргументтеу үлгісі. Нанымды дискурстың
прагматикалық аргументтелуі және заманауи тәсілдері.