Орта ғасыр философиясындағы адам мәселесі
Фалсафа мен суфизмдегі «кемел» адам концепциясы. Әл-Фараби, Ибн
Синаның құдай, табиғат және адамның мәні туралы ілімдері. Әл-Араби,
Қожа Ахмет Йасауидің құдай және адамның өзін-өзі тануы туралы ілімдері.
Апологетика, патристика және схоластикадағы адам бейнесі. Адамның
антикалық концепциясының христиандық сыны. Аврелий Августин, Фома
Аквинскийдің антропологиялық ілімдері. Эриугена, Экхарттың адам туралы
ілімдері.
Өркендеу және Жаңа Дәуір философиясындағы адам мәселесі
Схоластикаға сын және адамның ренессанстық концепциясы.
Итальяндық гуманизмнің антропоцентризмі. Н.Макиавеллидің «Билеуші»
еңбегіндегі саясаткер бейнесі. Т.Мордың «Утопия» және Т.Кампанелланың
«Күн қаласы» еңбектеріндегі жаңа қоғам мен адам идеалы.
Ф.Бэкон, Б.Паскаль және Дж.Локк еңбектеріндегі ақыл-ой мен еркіндік
мәселелері. Адамның қалыптасуындағы әлеуметтік ортаның рөлі. Т.Гоббс
адамның табиғаты және оның табиғи құқықтары туралы. Б.Спиноза, Ж.-
Ж.Руссо еңбектерінде еркіндіктің танылған қажеттілік ретіндегі түсінілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |